үйМедиа үні"Data-журналистика" тақырыбындағы қазақ тіліндегі вебинарлар циклі басталады

«Data-журналистика» тақырыбындағы қазақ тіліндегі вебинарлар циклі басталады

2016 жылғы 1 қарашада сағат 16:00-де «Data-журналистика» тақырыбындағы қазақ тіліндегі вебинар өтеді.

Тақырыбы — дата журналистикаға кіріспе. Google Fusion.

Тренер — Асқат Еркімбай, медиаэксперт, Сүлейман Демирел атындағы университеттің оқытушысы, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы жанындағы Жаңа медианы зерттеу тобының жетекшісі.

Вебинар барысында мына тақырыптар қозғалады:

  • Ашық мәліметтер деген не?
  • Қазақстандағы ашық мәліметтермен қалай жұмыс істейміз?
  • Google бағдарламалары ашық мәліметтерді сараптауға әрі визуализациялауға қалай көмектеседі?

Вебинарға тіркелген қатысушылар тізімі.

Вебинарға ниет білдірген адамның бәрі қатысып тыңдай алады, ал тіркелген қатысушылар үй тапсырмасын орындап, финалдық жоба әзірлеп, Internews сертификатын алады.

Вебинарға өту

Вебинарға қатысу үшін мына техникалық талаптарды орындаңыз:

1. Компьютеріңізге Google Chrome, FireFox, Safari немесе Opera браузерлерінің бірінің соңғы нұсқасын орнатыңыз. Браузерде Adobe Flash Player соңғы нұсқасы тұруы тиіс. Google Chrome браузерінде Flash Player өздігінен орнатылған.

2. Интернет байланысыңыздың жылдамдығы жеткілікті болуын қадағалаңыз. Вебинарға қосылу үшін қажет ең аз жылдамдық — 1Mb. Ыңғайлы жұмыс істеу үшін ұсынылатын жылдамдық — 2Mb бастап (жылдамдық төмен болса, вебинар жүргізуші видеороликтер, графикасы көп презентациялар, жұмыс столының бетін және басқа да вижуал материалдарды көрсеткенде дыбыс және видео кідірістері болуы мүмкін). Интернет жылдамдығын мына парақтан тексеруге болады: http://www.speedtest.net/.

3. Интернетке корпоратив желіден шығып отырған болсаңыз, желі администраторына жүгініп, 1935, 80, 443 портын ашқызып алыңыз.

4. Вебинарға өту үшін осы беттегі сілтемемен өтіп, «Войти в вебинар» батырмасын басып, деректеріңізді көрсетіп, қолданушы келісімі тұсында белгі қою керек.

5. Вебинарға планшеттен кіретін болсаңыз, Google Chrome немесе Puffin Browse браузерлерін қолданған жөн болады.

«Дата-журналистика негіздері» тақырыбындағы қазақ тіліндегі вебинарды Internews Network өкілдігі ақпаратқа қол жеткізуді қолдау жобасы аясында, АҚШ халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) көмегімен ұйымдастырды.

Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Cоңғы жазбалар

Журналистік зерттеуді неден бастаймыз? Олег Хоменоктің кеңесі

Қазақстандағы Internews өкілдігі 26 маусым — 1 шілде күндері Алматыда Зерттеу журналистикасы бойынша офлайн-тренинг өткізді. Зерттеу журналистикасы мектебіне Қазақстанның түкпір-түкпірінен 21 журналист пен блогер...

Қазақстан медиасы вакцинаға қарсылыққа қалай ықпал етіп жатыр?

Медиа жариялаған материалдың тақырыбы аудиторияға тікелей әсер етеді. Өйткені қазіргі оқырман мәтінді түгел оқымай, тақырыптағы ақпаратты ғана талқылауы мүмкін. Тақырып мазмұнға кереғар болса, оқырманды...

Медианың өзін-өзі реттеу қоғамдық комитеті мүшелерін іріктеуге дауыс беру басталды

Құрметті журналистер! Қазақстандағы алғашқы Медианың өзін-өзі реттеу қоғамдық комитетін құруға үміткерлерден өтінім жинау аяқталды. Редакциялар, қоғамдық ұйымдар, жоғары оқу орындары кандидаттарын ұсынды. Өзін-өзі ұсынған...

«Ақмола» атауын қайтару, ауыл әкімдерін сайлау және жұт: апталық телебағдарламаларға шолу

0
«Еуразия бірінші арнасындағы» Basty bagdarlama жабылар алдында қазіргі конъюнктура үшін батыл видеоматериал көрсетті. QAZAQSTAN-ның қорытынды бағдарламасы үш өңірдегі қуаңшылықтың ауыр салдары неге күні бұрын болжанбағанына...

Телеарна тілшілері стендапты қалай жасап жүр?

«Жаңа репортер» авторы Болатбек Мұхтаров Қазақстан тележурналистері стендапта не айтатынын тыңдады. Медиасыншы QAZAQSTAN, «Хабар», «Хабар 24», «КТК», «31-арна», «Еуразия бірінші арнасы», Astana TV ақпарат...