Бастамашыл топ уақыт кетірмей, аймақтық, облыстық, республикалық деңгейдегі әлеуметтік идеялар мен жобалар бойынша әр түрлі жәрмеңкелерге, конкурстарға қатысып, 18 жобаға гранттар ұтып алады. Жобалардың тақырыптары білім беру саласынан бастап әлеуметтік осал топ мәселелеріне дейін қамтыды.
Сонымен бастамашыл топ арқасында ауыл тіршілігі қалай жақсарды:
- «Энергия үнемдеуіш жарық жүргізу» жобасы аясында Сахаровка, Жайылма, Пушкино ауылдарының осал топ өкілдеріне энергия үнемдеуіш лампалар таратылды.
- Аудандық шағын гранттар байқауы аясында «Беркут» балалар орталығының үйірмелер мен секцияларына арналған жабдық сатып алынды.
- Облыстық әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауы аясындағы 2017 жылы «Жергілікті қоғамдастық мәселелерін шешу» конкурсы нәтижесінде «Қол жетімді спорт» жобасы іске асырылды. Бұл жоба шегінде балалар мен жастарға арналған спорт алаңы тұрғызылды.
- Аудандық шағын гранттар байқауы аясындағы «Қамқоршылықпен қазір айналысамыз» жобасын іске асыру барысында мектептің табысты түлектерінің ассоциациясы құрылды. Мектепке қолдау мен көмек көрсету бойынша мектептің қамқоршылық кеңесі мен түлектер ассоциациясы арасындағы ынтымақтастық бойынша жұмыс реттелді.
- Аудандық шағын гранттар байқауы аясындағы «Ауылдағы спорт» жобасын жүзеге асыру кезінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында тұрғызылған спорт алаңы үшін спорт жабдықтары сатып алынды.
- «Өнер» тігін тігу цехі жобасын іске асыру аясында ұлттық нақыштағы киім, көрпе, дорбалар тігілді.
- Сонымен қатар ҚР Білім және ғылым министрлігі және Халықаралық қайта құру және даму банкінің қолдауымен «ZhasProject» жобасы, Қостанай облысының Азаматтық альянсы ұйымдастырған әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесіне қатысып, «Ауылым – алтын бесігім» этнолагері жобасы жүзеге асырылды.
- Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдауымен, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалау, ағаш отырғызу, қоқысты іріктеуге үйрету бойынша жобаларға еріктілерді қабылдау бойынша «Birgemiz: TazaÁlem» жалпыұлттық жобасын жүзеге асыру гранты аясындағы байқауына қатысып, «Тобол өзенін тазалау» жобасы іске асырылды. Тура сол сияқты Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени мұрасын сақтау бойынша жобаларға еріктілерді тарту бойынша грант аясындағы «Birgemiz: AsylMura» конкурс жалпыұлттық жобасы шегінде «Ауыл мақтанышы» қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Жоба шегінде 1926 жылғы сәулет құрылыстарына косметикалық жөндеу жасалуда.Тағы сондай Денсаулық сақтау, хоспистардағы, онкологиялық диспансерлердегі және т.б. науқастарға көмек көрсетуге еріктілерді тарту бойынша гранты аясындағы салауатты өмір салтын насихаттау және COVID-2019 алдын алу жобасы іске асырылды.