ДомойМедиа үні"Әлеуметтік желілердегі медиа" тақырыбында вебинар

«Әлеуметтік желілердегі медиа» тақырыбында вебинар

«Әлеуметтік желілердегі медиа» тақырыбында вебинар

Әлеуметтік желілер бүгінде медиа қызметіндегі маңызды құралдардың бірі болып отыр. МойМир, Вконтакте немесе Фейсбуктағы парақшалар ақпарат көзі де, аудитория жинап, бұқаралық ақпарат құралы мен медиа мамандарының имиджін қалыптастыру алаңы да бола алады.

Әлеуметтік желілерді неғұрлым тиімді пайдалану жолдарын 2015 жылғы 25 ақпанда өтетін вебинардан біле аласыздар.

  • Нені, қайда және қаншалықты жиі жазу керек
  • Жазбаларды қалай өңдеген дұрыс
  • Аудиториямен қатынас жасау
  • Медиабренд имиджін қалыптастыру

Вебинарды журналист, оқытушы, кеңесші Олег Гант жүргізеді. Журналистерге арналған бірнеше оқу бағдарламасының авторы, Ресей, Қазақстан және Украинада жиырмадан аса жаңалықтар ресурсын жасап шығарған.

Теплица социальных технологий жобасының редакторы. «Лучшее издание России» байқауының қазысы, Мәскеу жарнама фестивалінің лауреаты, Ресейдің ірі компаниялары үшін жарнама стратегияларын әзірлеуші.

Вебинар редакторлар, журналистер, блогерлер, SMM және PR мамандары үшін пайдалы болмақ. .

Онлайн-тренинг барысында сұрақ қойып, кеңес алуға да болады.

Вебинарға қатысу үшін мына сілтемемен өтіп тіркелу қажет.

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР