34776557_1530644537063993_8614926499889283072_o

«Жаңа репортер» – медиа тақырыбына жазатын кәсіби медиаресурс.

Сайтымызды атауы да кездейсоқ қойылмаған. Соңғы жылдары репортер
кәсібіне көптеген өзгеріс енді. Әмбебап репортер тек мәтін жазып қана қоймай,
фотовидео түсіріп, монтаждап, ақпарат жіберуді меңгеріп, мультимедиа
құралдарын білуі міндетке айналды. Дайындаған материалын қай каналдар
арқылы қалай таратса, аудиторияға жететінін де жақсы түсінуі тиіс. Бұған
қажетті технологиялардың бәрі де ұдайы дамып отырады. Сондықтан да
тапсырманы тез әрі сапалы орындауы үшін соңғы ақпараттардан хабардар болу
қажет.

Тағы бір жағынан қазіргі технологиялар әрбір адамның репортерге айналуына
жол ашады. Бәріміз де медиамыз. Бірақ, бұл мүмкіндік қана емес, сонымен
қатар тексерілмеген ақпарат таратып, оқырманын не көрерменін адастыру
қаупі. Демек, бәріміз де сауаттылықтың жаңа түрі – медиасауаттылықты
үйренуіміз қажет.

«Жаңа репортер» – мынадай сұрақтарға жауап береді:

  • Сапалы контентті қалай жасайды?
  • Ақпаратты қалай тексереді және рас-өтірігін қалай анықтайды?
  • Аудиторияны қалай тартады?
  • Кликбейт дәуірінде этикалық норманы қалай сақтап қалады?
  • Медианы қалай қаржыландырады?

Біз диджитал-трендтер мен мультимедиа туралы жазамыз, медиамамандарға
арналған оқыту вебинарларын өткіземіз, пайдалы кеңестер және
нұсқаулықтарды жариялаймыз, Орталық Азия елдеріндегі медиаға сыни
көзқарасты дамытамыз, медиасауаттылық туралы оқулықтарға шолу жасаймыз.

Жаңа авторлар келсе қуанамыз және серіктестік орнатуға дайынбыз.

«Жаңа репортер» – Internews Kazakhstan халықаралық коммерциялық емес
ұйымының Орталық Азиядағы өкілдігінің жобасы. Қазақ, тәжік және өзбек
тілдерінде шығады.