Twitter-ге арналған құралдар
Followerwonk
Followerwonk – Twitter-аккаунтыңызды сараптап, оны оңтайландыруға арналған құрал. Оның көмегімен өз аудиторияңыз туралы көбірек – олар кімдер екенін, қайда тұратынын, не туралы жазатынын білуге, өз салаңыздағы ықпалды адамдарды табуға, сондай-ақ сізге жазылғандардың статистикасын қадағалап отыруға болады.
Құрал 30 күн байқап көруге тегін ұсынылады.
SocialRank
SocialRank көмегімен сізге жазылғандардың арасында кім ең танымал да маңызды екенін, сол арқылы кімге көбірек көңіл бөліп отырған дұрыс екенін түсіне аласыз.
Тегін.
ManageFlitter
ManageFlitter құралы сіз жазылған аккаунттарды «сүзгіден өткізіп», сізге жазылмағандарды, көптен бері профайл суретін ауыстырмағандарды немесе аккаунты ұзақ уақыттан бері үнсіз тұрғандарды жазылымнан шығарып тастауға көмектеседі.
Тегін базалық нұсқасы бар.
Must Be Present
Ұйымның әлеуметтік медиада өз аудиториясымен қалай байланыс жасайтыны оның беделіне әсер етпей қоймайды. Осы ретте сізге Must Be Present көмектеседі – бұл құрал Twitter-де сізді еске алғандарға қаншалықты жылдам жауап беретініңізді және сіздің жауаптар рейтингіңіз қандай екенін есептеп береді.
Тегін.
Tweet4me
Tweet4me құралы твиттеріңіздің жарияланым кестесін жасап, оларды кез келген Twitter-қосымшасынан жариялауға көмектеседі.
Тегін.
Commun.it
Commun.it – бұл қауымдастық менеджері, сіздің жазылымдарыңызды басқару құралы, оның көмегімен сіз недәуір ықпалды деген пайдаланушыларды тауып, кімге жазылу керек, кімге жазылмаған дұрыс және қандай контент жариялау керек екенін оңай анықтай аласыз.
Тегін.
Twtrland
Twtrland ұсынатын екі функция – сізге жазылушылардың қаншасы қазір онлайн отырғанын көру мүмкіндігі және кілт сөздер, мекендер мен компаниялар бойынша кеңейтілген іздеу.
Тегін, ұйымдар үшін 14 күндік тегін нұсқасы бар.
Twitter Feed
Twitter Feed – Twitter-де RSS немесе өз блогынан жазбалар жариялағысы келетіндерге арналған құрал. Жай ғана блог адресін жазып, әлеуметтік желілердегі аккаунттарыңызды қосып қойсаңыз, сіздің жазбаларыңыз онда автоматты түрде жарияланатын болады.
Тегін.
Twazzup
Twazzup – бұл адам аты, кілт сөздер немесе өзіңіз таңдаған хештег бойынша шынайы уақыт режимінде мониторинг және сараптама жасауға арналған құрал. Twazzup нәтижелерінде сіздің іздеуіңіз бойынша ең танымал аккаунттар немесе кілт сөздер көрсетіледі.
Тегін.
Facebook-қа арналған құралдар
LikeAlyzer
LikeAlyzer көмегімен Facebook-тағы парақшаңызға қандай өзгерістер енгізу керек екенін білесіз. LikeAlyzer мониторинг жүргізіп, парақшаңыздың тиімділігін бағалайды және оны жақсарту жөнінде ұсыныстар жасайды.
Тегін.
Fanpage Karma
Fanpage Karma сіздің парақшаңызға (бәсекелестеріңіздің парақшаларына да) анализ жасап, пайдалы ақпараттары бар есептемелер әзірлейді: өсу, қамту, аудиторияның араласуы және басқа да деректер аталады.
14 күндік байқап көру нұсқасы бар.
Әлеуметтік медиадағы мониторинг
Mention
Mention – сіз немесе сіздің ұйым туралы әлеуметтік медиада кім не жазғанын қадағалап отыруға көмектесетін құрал.
14 күндік байқап көру нұсқасы бар.
NutshellMail
Дайджест сіздің әлеуметтік медиадағы белсенділігіңізді қадағалап отырудың жақсы тәсілі болуы мүмкін, ал NutshellMail сол үшін ең ыңғайлы құрал. Ол сіздің Facebook, LinkedIn және Twitter желілеріндегі белсенділігіңізді бақылап, сізге өз қалауыңызша есептемелер жіберіп отырады.
Тегін.
Әлеуметтік медиадағы контентпен жұмыс істеуге арналған құралдар
News.me
News.me сіздің Twitter мен Facebook-тағы достарыңыз әр күнде бөліскен бес ең танымал материалды қамтитын хатты күнде жіберіп отырады.
Тегін.
Swayy
Swayy сіздің аудиторияңыздың қызығушылықтарын негізге ала отырып, сіз Twitter немесе Facebook-та бөлісуіңізге болатын және сіздің жазылушыларыңызға қызықты екеніне сенімді болатын жаңа контент табуға көмектеседі.
Тегін нұсқасы бар.
Түрлі құралдар
Rapportive
Rapportive – Gmail-ға арналған құрал, ол сіздің контакттарыңыз кім, қайда тұрады, қайда жұмыс істейді, аккаунттары қандай әлеуметтік медиамен байланысты екені туралы ақпарат көрсетеді. Сондай-ақ, сіз Gmail-дан шықпай-ақ оларды LinkedIn-де қосып ала аласыз.
Тегін.
Jelly
Jelly – iOS мен Android жүйелеріне арналған қосымша, оның көмегімен өзге пайдаланушыларға фотосуреттер мен карталарды қолдана отырып сұрақ қойып, жауап алуыңызға болады. Мысалы, дәл қазір жүрген жеріңізді картада белгілеп, жергілікті тұрғындардан жақсы тамақтануға болатын орын ұсынуын сұрауыңызға болады.
Тегін.
SteadyDemand’s Google Plus Page Audit
SteadyDemand Google+ желісіндегі парақшаңызды бағалауға көмектеседі. Жай ғана парақшаның адресін енгізсеңіз, SteadyDemand белсенділік туралы есептеме шығарып береді, соның арқасында не жұмыс істеп, не жұмыс істемейтінін анықтай аласыз.
Тегін.
Материал te-st.ru сайтында Creative Commons СС-BY-SA 3.0 лицензиясымен жарияланған.