Статистикалық деректер график немесе диаграмма түрінде берілсе жеңіл қабылданады. plot.ly тегін онлайн сервисінің көмегімен деректерді интерактив көрнекі етуге болады. Мысал ретінде ranking.kz ресурсынан Қазақстанның түрлі облыстарына Интернеттің енуі туралы статистикасын алдық:
Сөйтіп, деректердің бір бөлігін интерактив еттік:
Сервисті қолдану оңай. Тіркелгеннен кейін жұмыс панеліне өтесіз. Содан кейін не бөлімдерді толтырасыз, не CSV форматындағы ақпаратты көшіресіз ( Import Data батырмасымен).
Қосымша деректерді Text пунктін таңдап енгізуге және сәйкес бағанда оны мәтін ретінде қолдануды белгілеуге болады.
Графиктердің бірнеше нұсқасы бар. Түрлер баптамасымен жұмыс істеп көріңіз.
Дайын болған графикке қосымша ақпарат енгізуге болады.
Сервисті әріптестеріңізбен ортақ қолдануға болады, қорытынды жобаны түрлі форматтарда кескін түрінде жүктеп аласыз.
Әлеуметтік желілерде жариялайсыз немесе HTML-кодпен сайтқа орнатасыз.