2015 жылғы 1 шілдеден қазақстандық нарық үшін жасалған мобиль қосымшалар иегерлері мен әзірлеуші компаниялар жыл сайынғы Қазақстанның мобиль қосымшалары рейтингіне қатысуға шақырылады.
Рейтингті ұйымдастырушы — Қазақстан Интернет-бизнесі және Мобиль коммерция ассоциациясы (АКИБ).
Биыл қосымшалардың қолданбалы бағытын сипаттайтын 7 арнайы санатта рейтинг түзілетін болады.
Мобильдік әзірленімдер саласындағы практик-мамандар жасаған әдіснама қатысушылар мен бақылаушылар үшін барынша айқын болып қала береді және үміткерлерден бағаланатын 8 талап бойынша үздік көрсеткіш талап етеді, — деп жазады zhurfaq.com.
Бағалау процедурасы туралы толығырақ.
Рейтинг түзу процесі
Өтінімдер қабылдау (1.07.15 – 24.07.15);
Ашық деректерді, рейтингілерді сараптау (27.07.15 – 31.07.15);
Қазылардың бағалауы (03.08.15 – 13.08.15);
Қорытынды мәндер формуласы бойынша есептеу (14.08.15 – 20.08.15);
Рейтингтің «Forbes Kazakhstan» журналында (2015 жылғы қыркүйек), «MobiEvent» конференциясында жариялануы (01.10.15).