Көбінесе медиа құралдары әлеуметтік желілерден аккаунт ашып алады да, оны ары қарай не істейтінін білмейді. Ірі деген халықаралық БАҚ мысалға ала отырып, медиабрендке аудитория назарын аудару тәсілдері туралы айтып береміз.
1. Фотогалерея
Әрине, Instagram-дағы әр аккаунт сурет галереясы екені түсінікті, алайда, бір топтамалар өзгелеріне қарағанда жақсырақ, әдемірек орналастырылады. Оған сәтті мысал — National Geographic аккаунты. Олардың пейзаж суреттері галереясы платформаға жақсы лайықталып, ұдайы мыңдаған пікірлер жинайды. Таспада үздік суреттер ғана жарияланады.
2. Контент таратуға арналған платформа
Баспагерлер шежіре-тарихтарын Инстаграмның өзінде айта береді. Мысалы – NowThis таспасы әдемі форматталған шежірелерден тұрады.
BBC News – шежірені тұтастай Инстаграм-видео көмегімен айтып беруге ұмтылатын медиа.
Олардың инстаграмдағы жаңартылымдары пайдаланушыларға клиптің мағынасын дыбысын қоспаса да түсінуге мүмкіндік береді.
3. Бұрыннан бар репортаждарға қосымша
Оқиғаны жеткізудің дәстүрлі форматтарында контент шығыны көп болады. Айталық, сұхбат кезінде түсірілген, алайда сайттағы материалға сыймай қалған, бірақ сұхбат берушіні жақсы көретіндер өте жақсы қабылдауы мүмкін фотосуреттер болады.
Инстаграм – осы пайдаланылмай қалған суреттерді жариялауға таптырмайтын орын.
The New York Times Instagram-ды дәл осы мақсатта қолданады. Жақында ғана, жасөспірім қыздардың жүкті болып қалуы туралы материалды танымал ету үшін олар сюжетте әңгімелескен адамдардың суреттерін жариялаған.
Инстаграмды репортажды кеңейту үшін қолдану өз контентіңізді көбірек пайдаланып, сайтқа оқырман тартуға мүмкіндік береді.
4. Қоғамды араластыру
Huffington Post Canada апта сайын Канаданың түрлі инстаграмшыларына арналатын Canadagram аталатын жоба жүргізеді.
Huffington Post Canada әлеуметтік медиа редакторы Рон Нурвиса:
«Платформаның қауымдастығы қаншалықты ықыласты екеніне және адамдар бізге уақытын бөліп, суреттерімен бөліскісі келетініне таң қалдым».
Осы тәсілмен Chicago Tribune фолловерлер жіберген қаланың фотосуреттерін жариялау үшін #trib2015 хештегін қолданады. Аптаның үздік фотолары Chicago Tribune блогында, Инстаграмда және Tumbr-да жарияланады.
Бұл — сіздің бренд туралы алғаш Инстаграм арқылы естуі мүмкін потенциал оқырмандарыңызбен қатынас орнатудың ақылды, көңілді және қарапайым тәсілі.
5. Брендтерді ілгерілету
Медиабрендтер өз оқырмандарына не туралы жазатынын қалай жеткізеді? Мынау — Инстаграмға жақсы лайық қолдану үлгісі.
Ол Vogue сынды сән мен стиль туралы журналдар үшін әсіресе жақсы жұмыс істейтін болса керек. Мысалы, журнал мұқабасының жақында жарық көрген суреті пайдаланушылар назарын қалай аударғанын көріңіз.
Осылайша, Инстаграмда, дәстүрлі «мұқабаның» жаңа өмірі басталатын сияқты.