ДомойОқып-үйренДеректер журналистикасында карталарды пайдалану

Деректер журналистикасында карталарды пайдалану

Деректер журналистикасында карталарды пайдалану

Экология туралы жазатын бразилиялық журналист және медиатренер  Густаво Фалейростың айтуынша, қазіргі заманғы деректер жинағын көрсету үшін карта сынды ескі форматтар бәрінен лайық екен.

Деректер жинақтарында көбінесе белгілі бір мекенге байланысты ақпарат көп болады, оларды картаға салған ыңғайлы.

«Одан бөлек, карта – пайдаланушылармен қатынас жасауға мүмкіндік беретін керемет құрал және оқиғаны баяндаудың таптырмас тәсілі», – дейді Фалейрос.

Густаво Фалейростың карталарға деректерді орналастыру туралы вебинарынан үзінділер ұсынамыз.

Әлемде көптеген деректер бар 

«Журналистер мен деректерді визуалдау мамандары экологияға байланысты дерек көздерінен таршылық көріп отырған жоқ», – дейді Фалейрос.

Ондаған жылдар бойы жинақталған деректерге ғылыми зерттеулер мен бақылаулар арқасында, көбінесе ашық қол жеткізуге болады.

Фалейрос журналистерге геодеректер іздеуде дерек көздерін табуға мүмкіндік беретін  геожурналистика жөніндегі анықтамалық жасап шығарды. Анықтамалықта қоршаған орта туралы ормандардағы өрттен бастап, ауаға улы газдар араласуына дейінгі түрлі тақырыптар бойынша деректерге қалай қол жеткізуге болатыны жөнінде ақпарат ұсынылады. Сондай-ақ, анықтамалықта деректерді өңдеп, оларды карталарға орналастыру және визуалдау жөніндегі кеңестер де бар.

Барлық карталарды жасауға бірдей лайық бір де бір формат жоқ 

Журналистер визуалдауға түрлі мүмкіндіктер беретін алуан түрлі картографиялық форматтар қатарынан өзіне ыңғайлысын таңдап ала алады. Олардың кейбіреулері мыналар:

  • Нүктелі карталарда бүкіл аймақ бойынша шашырап жатқан нүктелер көрсетіледі. Мысалы,  мынадай картадағы әрбір нүкте Танзаниядағы су көздерін көрсетеді.
  • Осыған ұқсас принциппен  полигон карталары да жасалады, оларда деректер түрлі формалар түрінде көрсетіледі. Мұндай картаға жақсы мысал  – Texas Tribune жариялаған карта, онда АҚШ-тың түрлі штаттарында қатпардың гидроайрылуы жөніндегі операция нәтижесінде түзілген сұйық қалдықтарды жою орындары белгіленген.
  • Cloropleth-карталар түрлі аумақтарды белгілі бір түске бояу арқылы түрлі тенденцияларды көрсету үшін қолданылады.  Мысалы, CO2 бөлінуін көрсететін картада қызыл түспен көмірқышқыл газы ең көп бөлінетін, жасыл түспен — ең аз бөлінетін орындар белгіленген.
  • Жылу картасы деректерді түс немесе «жылу» көмегімен көрсетеді. Ондай картаға мысалы мына жерден көруге болады.
  • Көпіршік картада деректерге байланысты әр нүкте шеңбер түрінде көрсетіледі, оның көлемі деректердің мәніне сәйкес болады. Мына көпіршік карта АҚШ-тың түрлі округтарындағы халық санын көрсетеді.
  •  Картограммаларда географиялық формалар ұсынылатын деректерге сәйкес өзгеріп тұрады.

Назар аударуға тұратын құралдар

Деректерді жинақтап, өңдеп, сараптап, карталарға түсіруге арналған құралдар көп  –  Google Spreadsheets бастап Fusion Tables пен CartoDB дейін. Фалейрос мына құралдар тізімін жасап, әрқайсысының артықшылығы мен кемшілігін тізіп, әрқайсын қалай қолдануға болатынына мысалдар келтіреді.

Сондай-ақ, Фалейрос  Jeo  аталатын WordPress шаблонын қолдануға кеңес береді. Бұл — InfoAmazonia ғана емес, геожурналистика жөніндегі басқа да сайттарға негіз болған шаблон. Jeo платформасы сайттарға жаңалықтарды цифр карталардағы қатпарлар түрінде жариялауға мүмкіндік береді.

Онлайн-карталар жасау үшін  Фалейрос журналистерге географиялық ақпаратпен жұмыс істеу үшін қажет форматтар мен бірқатар машықтарды меңгеруді ұсынады. Оларға: CSV, XLS немесе өзге де бойлық пен ендік белгіленген бағандары бар кесте форматтары; GoogleEarth және Fusion Tables қолданатын KML/KMZ, форматтары; SHP (географиялық файлдардың векторлы форматы) және GEOTIFF кіреді. Сондай-ақ, журналистер «геокод» жасай білуі немесе географиялық ақпаратты автоматты түрде анықтай алатын құралдардың көмегімен ақпарат қандай мекенге байланысты екенін анықтай алуы тиіс.

Бірнеше практикалық тапсырма орындап көріңіз

Түрлі форматтармен және құралдармен жұмыс істеп дағдылану үшін Фалейрос  KMД қолданып нүктелі және полигон карталарын жасауда,  CSV қолданып нүктелі карталар жасауда,  Google Fusion Tables пайдалануда және  Google Earth көмегімен 3D визуалдауда жаттығулар орындап көруді ұсынады.

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР