ДомойОқып-үйренӘлеуметтік желіде істеуге болмайтын 6 әрекет

Әлеуметтік желіде істеуге болмайтын 6 әрекет

Әлеуметтік желіде істеуге болмайтын 6 әрекет

Бұл материалды ағылшын тілінде Мехмет Ердоған  (Mehmet Erdoğan) — БҰҰ Еуропа мен Орталық Азия бойынша коммуникациялар жөніндегі маманы жазған. Мақала бастапқыда  БҰҰ «Еуразия дауыстары» блогында, кейіннен  The Guardian жарияланды.

Әлеуметтік желілерде аккаунттарын тиімді жүргізу мәселесі барлық дерлік медиа құралдарында кездеседі. Твиттер, фейсбук және басқа да әлеуметтік желілерде не істеуге болады және не істеуге болмайтыны туралы кеңестер топтамасы әрбір медиамаманға пайдалы болары анық.

1. Костюм киіп сықиып стол басында отырған адамдарды суретке түсірмеңіз. Түсірдіңіз екен — ол суретті жарияламаңыз.

Әлденені талқылап отырған костюмді адамдардың — ер болсын, әйел болсын — суреттері ешқандай ойды жеткізбейді. Біз олардың не туралы сөйлесіп отырғанын ести алмаймыз, сондықтан ондай суреттерді көргенде өзімізді бөтен сезінеміз.

Олардың жақсы не жаман отырғанында емес мәселе. Бастысы — ол суреттің айтары жоқ.

Оның орнына «әрекетті», яғни, әлдене «істеп отырған» адамдарды суретке түсіріңіз. Міндетті түрде спикердің суретін жариялау керек болса, оның бет-бейнесі, қимыл-қозғалысының да мәні зор.

2. Іс-шараңызда не болып жатқанын әр секунд сайын твит қылып жаза бермеңіз. Конференцияның өз хештегі болса да. 

Не туралы твит жазуға болады десеңіз:

* презентацияның мәнді қорытындылары;
* неғұрлым көп адам білгені дұрыс, мағыналы цитаталар (статистика? деректер?);
* өзіңіз осы шара туралы не ойлайтыныңыз, кері байланыс және/немесе осы оқиғаға байланысты сын пікірлер.

Мыналарды жазбай-ақ қойған дұрыс:

* Бұрыннан белгілі дүниелерді басқаша түрлендіріп жеткізетін бұлыңғыр сөйлемдер («Мемлекеттік сатып алулар маңызды, өйткені олар қызмет көрсету сапасына әсер етеді»).
* Тұтастай кәсіби сөздерден тұратын фразалар («Экономикалық тиімділіктің ашықтықтың тиімді саясатына байлануы»).
* «@Адам1 және @Адам2 қазір кәсіби әңгіме айтып отыр» (жанына екеуінің микрофон алдындағы суретін тіркеп қойып).

3. Контент қызық болса, өзін өзі алға тартып әкетеді деп ойламаңыз.

Кейде тіпті тамаша әзірленген қызықты жарияланымға да қолдау көрсетуге мүмкіндік болады.

Жай ғана сілтемені көшіріп алып твиттерге қоюдың қажеті жоқ, олай жасасаңыз — біреудің айлап істеген еңбегін еш қыласыз. Мақаладағы бір-екі қызық деген деректі іліп алыңыз. Жұрт сіз не ұсынды екен деп қызығып қарау үшін күніне бес минут уақытын бөлуіне сылтау беріңіз.

4. Маужырап, қалжырап, өмірге риза емес немесе бақытсыз кейіпте отырған адамдардың суретін твиттеріңізге салмаңыз. 

5. Бір күнде жеті твит жазып, басқа айтарыңыз пайда болғанға дейін үш апта жоғалып кетуден сақтаныңыз. 

Қайткен күнде де, аудитория жұмысыңызды көрсін десеңіз — олай етпеңіз. Әлденені жария ету керек болатын кезде ғана емес, күнде контент жасап, лентаны жаңартып отыратын арнайы қызметкерлер тобын ұстауға бюджет бөлу қажет екені де есіңізде болсын.

6. Тұлға болудан қорықпаңыз.

Қанша ақшаңыз бары, қолыңызда қандай билік бары маңызды емес. Бастысы — жасандылықты байқаған сәтте жұрттың сізге деген қызығушылығы жоқ болып кетеді. Сізге ұнаса да, ұнамаса да, әлеуметтік медиа бұл жағына келгенде тапқа, топқа бөлінбейді.

Әлеуметтік медиада пост жазу туралы ең қарапайым нұсқаулық: 

1-қадам: Жақын досыңыздың бейнесін елестетіңіз. *Өз салаңыздағы эксперт досыңыз емес, бос уақытыңызда бас қосып, әңгіме айтатын досыңызды. Ең жақын досыңызды!

2-қадам: «Жариялау» батырмасын басар алдында сол досыңыз осы жазғаныңызды оқып отырғанын елестетіңіз. Не айтып отырғаныңызды түсіне ме?

3-қадам: Түсінетін болса — жариялаңыз. Түсінбесе — қайта жазыңыз.

4-қадам: Қайталаңыз.

Новый репортерден қосымша кеңес:

1. Іс-шараға алдын-ала дайындалыңыз: қонақтар мен қатысушылардың әлеуметтік желідегі аккаунттарын, ресми ұйымдардың парақшаларын тауып, оларға жазылыңыз. Онлайн-трансляция жүргізуде сізге бұл көп көмек болады. ,
2. Ретвиттерді, жеке хабарламаларды, пікірлерді қадағалап отырыңыз — әлеуметтік желілерде кері байланысқа қатты мән беріледі.
3. Жарияламас бұрын постты бірнеше рет оқып шығыңыз: дәйексөзде кеткен қате сізге жазылушыларға да, сол сөзді айтқан спикерге де ұнай қоймасы анық.

Алып-қосарыңыз болса, пікіріңізге алғыс айтамыз. 

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР