ДомойОқып-үйренInstagram және Vkontakte желілерінде геотаргетиң арқылы сурет іздеуге арналған сервистер

Instagram және Vkontakte желілерінде геотаргетиң арқылы сурет іздеуге арналған сервистер

Instagram және Vkontakte желілерінде геотаргетиң арқылы сурет іздеуге арналған сервистер

Yomapic.com Instagram және Vkontakte қолданушылары нақты бір мекенде жариялаған суреттерді табуға көмектеседі.

Бұл тегін онлайн құрал сізге қандай да бір оқиғаның куәгерлерін іздегенде, әлеуметтік желідердегі жарияланым бойынша материалдар топтамасын әзірлеп, соны қолданушылардың суреттерімен толықтырғыңыз келгенде, тағы да басқа көп жағдайда көмектеседі.

Іздеуді бастау үшін өзіңізге қажет мекенді картадан көрсету немесе іздеу жолағына жазу жеткілікті. Сервис бірнеше фильтр ұсынады — радиус (100 метрден 5000 метрге дейін) және уақыт (жарты сағаттан нақты көрсетілген уақытқа дейін).

Instagram және Vkontakte желісінде іздеу нәтижелерін yomapic.com суреттің авторын, хештегтерін және оған жазылған пікірлердің барлығын қоса көрсетеді. Ол тармақтарды «Баптау» бөлімінде өзгерте аласыз.

Онлайн-сервисы для геотаргетированного поиска изображений в Instagram и Vkontakte

Мысалы, 2015 жылғы 4 қазанда Алматыда, Медеуде жасалған жарияланымдар таспасы мынадай болған.

Онлайн-сервисы для геотаргетированного поиска изображений в Instagram и Vkontakte

Онлайн-сервисы для геотаргетированного поиска изображений в Instagram и Vkontakte

Gramfeed.com сервисін жасаушылар оны Instagram-мен жұмыс істеуге арналған онлайн-веб-құрал деп көрсетеді. Мұнда өзіңіздің инстаграмдағы аккаунтыңызды қадағалап отыра аласыз — жазылушылар санын, лайтарды сараптауға болады.

Одан бөлек, сервис мекен бойынша іздеу функциясын ұсынады. Оны қолдану үшін тіркелудің қажеті жоқ.

Онлайн-сервисы для геотаргетированного поиска изображений в Instagram и Vkontakte

Суреттерді уақыты, тіпті кілтсөздері бойынша іріктеуге болады. Сондай-ақ, таңдап алынған суретке қатыстының бәрін: пікірлер мен лайктарды, инстаграмдағы парақшаның өзін көріп, суретті көшіріп ала аласыз.

Онлайн-сервисы для геотаргетированного поиска изображений в Instagram и Vkontakte

 

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР