Facebook қазіргі таңда медиа құралдарының аудиториямен қатынас жасауы үшін маңызды арналардың бірі болып отыр. 2015 жылғы желтоқсаннан бастап әлеуметтік желі плагиндер баптамаларын өзгертті: енді сіз сайтыңызға, не блогыңызға парақшаңыздың виджетін ғана емес, мессенджер де орнатып қоя аласыз.
Posted by Facebook Developers on 1 декабря 2015 г.
Осы жаңартудың арқасында қолданушылар сайттың өзінде отырып сізге сұрақ қойып, қажет ақпаратын ала алады.
Тағы бір жаңалық шараларға қатысты. Бұл — түрлі кездесулер, мастер-класстар, тағы басқа шаралар өткізетін және сол үшін Facebook-та арнайы шара құратын БАҚ үшін өте ыңғайлы функция.
Виджет аудиторияңызға қазір қандай іс-шара жоспарланып отырғанын және достарыңыздан кім соған барайын деп жүргенін көрсетеді. Жаңа функцияны пайдалану үшін Facebook-тің әзірлеушілерге арналған парақшасына кіріңіз де, мына форматтардың біріндегі кодтардың қажетін таңдаңыз:
<div class=»fb-page»
data-tabs=»events»
data-href=»https://www.facebook.com/өз парақшаңыз»
data-width=»380″
data-hide-cover=»false»>
фейсбуктегі шараның сілтемесі жазылған терезе орнату үшін
<div class=»fb-page»
data-tabs=»messages»
data-href=»https://www.facebook.com/парақшаңыз»
data-width=»380″
data-hide-cover=»false»>
фейсбук-мессенджерді орнату үшін.