ДомойМедиа үніОнлайн-медианы монетизациялау: Meduza шығарушысы Илья Красильщиктің кеңестері

Онлайн-медианы монетизациялау: Meduza шығарушысы Илья Красильщиктің кеңестері

Онлайн-медианы монетизациялау: Meduza шығарушысы Илья Красильщиктің кеңестері

Mediakritika.by «Медуза» шығарушысы Илья Красильщиктің шеберлік сабағына қатысып, онлайн-басылымды монетизациялау жөніндегі кеңестер келтірілген   материал жариялады.

Негізгі тезистерін назарлаңызға ұсынамыз.

1. Бастапқыда тегін жарнама хабарландырулардан бастауға болады — «алаңды» сезініп көруге мүмкіндік беріңіз
2. Бұрынғы кеңес елдерінде инвесторлар медианы бизнес деп қарастырмайды
3. Медиа саласындағы краудфандинг тиімді емес. Бірақ, іске асып кететін кездері де болады.

Мысалы:

The New York Times

Голландиялық De Correspondent басылымы

Ресейдің «Дождь» телеарнасы

Табысты краудфандинг:

— Бұл медиаға емес, сіз бен біздің өмірімізге ақша жинау;
— Бұл салмақты кампания;
— Бұл аса қажет нәрсе болуы керек.

Табыс табу мүмкіндігі ретінде жарнама қалай жұмыс істейтіні медиа қай елдікі екеніне және дәл қандай медиаға қатысты екеніне байланысты.

Жарнама беруші нені қалайды?

1. Сіздің аудиториямен жұмыс істеу машығыңызды.
2. Қауіпсіздікті.

Медиа тек саясат туралы ғана жазатын болса, онымен істес болу өте қиын. Жарнама берушілерге ғана емес, оқырмандарға да қиын.

3. Тосындықты. Жарнама беруші сізге қандай да бір қарапайым өтінішпен келіп, сізден басқа ешкім оған мұндайды ұсына алмайды деген сезімде кетуі керек.

Жарнама беруші нені қаламайды?

1. Ойлануды. Әдетте олар  бізге алдыңғы қатарлы аудитория, қамту және тиімділік керек деп сізге қысқаша талаптарын айтады. Сөйтіп, медиа жарнама берушіле үшін олардың жарнамасын ойластыруға мәжбүр.
2. Кездейсоқ тосынсыйларды. «Керемет, тосын нәрсені қалаймын, тек… тәуекелсіз болсын». Сондықтан да, уақыт сынынан өткен және эксперименттік форматтар керек. Біреулер бұрыннан жақсы жұмыс істеп келе жатқан тәсілдерді қалайды. Енді біреулерге бұрын еш жерде болмаған нәрсе керек.
Басылым жарнамасыз тіршілік етуге мәжбүр екенінің белгілері (осы тізімде өзіңізге тән 2-3 сипатты тапсаңыз — жарнама керек емес)
1. Басылымның саяси режимге қарсы күрескер бейнесі бар болса;
3. Саясат туралы немесе соған ұқсас тақырыпта ғана жазатын салалық басылымда жарнама тұруын елестету мүмкін емес;
4. Бұрында немесе қазір басылымға қарсы ресми мемлекеттік кампания жүргізілген болса;
5. Басылымның аудиториясы кішкентай ғана болса.
Мұндай жағдайда басылым не толықтай өзгеруі тиіс не болмаса, жарнама берушілер туралы ұмытып, жұмысын жалғастыра беруіне тура келеді.

Қазіргі заманғы медиа бүгінде ешқандай әсері жоқ өткеннің кеңестерін ұмытуы тиіс.

Олардың арасында:

— RTB («Жай ғана беттеріңізді баттастырып толтырып тастайтын сұрықсыз баннерлер ғана аласыз»)
— Баннерлер («Жарнама бұғаттаушылар арқылы оңай бұғаттауға болатын көрінбейтін алаңдар өткеннің еншісінде»)
— Paywall («Аудиторияңызды азайтып аласыз»)

«Әрине, бұл айтқандарымыз осының бәрін жасаудың қажеті жоқ деген сөз емес. Медиа — сіз цирк алаңында секіріп жүріп, істеген әрекеттеріңіздің қайсысы жұртқа әсер ететінін байқап көретініңіз сияқты», — дейді «Медуза» шығарушысы.

Жарнама берушілер сізді жақсы көріп кетуі үшін не істеу керек? 

1. Түрлі тақырыптарда жазыңыз
2. Түрлі форматтарды ойлап шығарыңыз
3. Жарнама берушілермен жұмыс істеңіз
4. Жарнаманы контент жасағаныңыз сияқты жасаңыз. Яғни, контенттің сапасына жай жасаңыз, алайда, оқырман оның жарнама екенін түсінуі тиіс.
5. Клиенттерге қызмет көрсетуді дамытыңыз. Жарнама берушілер де, оқырмандар да, редакция да разы болуы тиіс.

Жарнаманың форматтары қандай болады?

Бүгінгі таңда ол кез келген формат болуы мүмкін: тесттер, ойындар, чат, карталар…

Материалдың толық нұсқасын оқу үшін сілтемемен өтіңіз.

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР