ДомойМедиа үніЖаңалықтар сайтын жақсартудың 100 тәсілі - 2

Жаңалықтар сайтын жақсартудың 100 тәсілі — 2

Жаңалықтар сайтын жақсартудың 100 тәсілі — 2

Жаңалықтар сайтын жақсартудың 100 тәсілі — 1

26. Сайтыңызда жергілікті қауымдастықтар жиындары немесе Кіші лига ойындары сынды өздеріңіз көп көңіл бөле бермейтін шағын жергілікті жаңалықтарды жариялап отыруға көмектесетін «халық репортерлары» тобын құрыңыз.

27. Әр репортердің тек сайтқа жазатын бір күні болуы тиіс.

28. Оқырмандарыңызға жергілікті  спорт командалары арасындағы ойындар, чемпионаттар туралы   sms-ойындар ұсынып отырыңыз.

29. Қылмыстар туралы индекс немесе көшенің атауы бойынша іздеу мүмкіндігі бар  деректер базасын құрып, сайтыңыздағы жергілікті жылжымайтын мүлік туралы бөліммен байланыстырып қойыңыз.

30. Жергілікті мектептердің сапасы туралыи ндекс немесе көшенің атауы бойынша іздеу мүмкіндігі бар  деректер базасын құрып, сайтыңыздағы жергілікті жылжымайтын мүлік туралы бөліммен байланыстырып қойыңыз.

31. Қаладағы немесе аймақтағы дәмханаларға тексеру жүргізу деректерінің онлайн базасын жариялап, оны сайтыңыздағы дәмханалар мен мейрамханаларға шолу жасайтын бөліммен байланыстырып қойыңыз.

32. Сайтыңызда адамды мезі ететін жарнаманың кез келген түріне тыйым салыңыз.

33. Оқырмандарыңызға өздерінің жеке хабарландыруын тегін жариялауға рұқсат етіңіз.

34. Өз сайтыңызды — газетіңіз бен телебағдарламаңызды қоса — бюджетке қатысы бар әр кездесу алдында сынға алып отырыңыз.

35. Сайтыңызды цензураға ілінетін контентті тікелей көрсету үшін пайдаланыңыз — ескертпе жасай отырып, сұмдық соғыс көріністері бар суреттер жариялаңыз — оларды мүлдем жарияламай қойғаннан осы жақсы.

36. Саяхат туралы үздік материалдарыңызды жинақтап, өз қауымдастығыңыздағы туристерге арналған сайтта жариялап отырыңыз.

37. Тек веб-сайтыңыздағы (газет емес, ТВ емес, басқа сайттардағы емес) жаңалықтармен ғана танысып бір апта өткізіңіз. Неден құр қалғандайсыз? Сол оқиғалардың тізімін жасап, сол жетіспей тұрған ақпаратты сайтыңызға қалай қосуға болатынын ойлап табыңыз.

38. TiVo (телебағдарламаларды цифрлік форматта жазып алуға арналған құрылғы) сатып алыңыз, сонда репортерлар шұғыл жаңалықтарды немесе баспасөз мәслихаттарын тікелей эфирден өздері жазып алып, материалдарына дәйексөзді сол арадан қиналмай алатын болады.

39. Жасөспірімдер мен жастарға арнап, жаңалықтар ойнақы, жеңіл формада жеткізілетін күнделікті таңғы e-mail таратылым жасап қойыңыз.

40. Оқырмандарыңызға сайттағы кез келген оқиға баянына өз ойын түртіп жазуға мүмкіндік беретін бөлім жасап қойыңыз (A9.com)

41. Жазылушыларыңызға (тек жазылушыларыңызға) архивтегі материалдарыңызға тегін қол жеткізу мүмкіндігін ұсыныңыз.

42. Оқырмандарыңызға жылжымайтын мүлік туралы хабарландыруға баспа нұсқасы шығатыннан бір-екі күн бұрын онлайн қол жеткізу мүмкіндігін ұсыныңыз (бөлек ақыға).

43. Материал жазып жатқанда дәйексөз сұрап жүгіне алатын оқырмандарыңыздың электрон почталары мен телефондары базасын жасап қойыңыз.

44. Онлайн-купондар бөлімін жасаңыз.

45. Сайтыңыздағы фотосуреттердің бәріне «бір-басып-фото-сатып-ал» сынды сервис жасап қойыңыз.

46. Оқырмандар жолдаған фотосуреттер банкін құрып, олардан слайд-шоу жасаңыз.

47. Хабарландыру тақталарыңыздағы үздік жазбаларды іріктеп алып, оқырмандар көрмей қалмайтындай етіп орналастырыңыз.

48. Архив материалдарынан ақпарат жинақтарын құрып, оларды демеушілерге сатыңыз.

49. Жергілікті саясат қайраткерлерімен онлайн-кездесулер (чат) ұйымдастырыңыз.

50. Жарнама берушілер ақпаратын өз бетімен орналастыра алуына мүмкіндік беретін веб-құрал жасаңыз (тек, ол ақпаратты бір оқып, түзетіп отыруды ұмытпаңыз).

Жалғасы бар.

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР