ДомойМедиа үніЖаңалықтар сайтын жақсартудың 100 тәсілі - 3

Жаңалықтар сайтын жақсартудың 100 тәсілі — 3

Жаңалықтар сайтын жақсартудың 100 тәсілі — 3

Жаңалықтар сайтын жақсартудың 100 тәсілі — 1

Жаңалықтар сайтын жақсартудың 100 тәсілі — 2

51. Өз қалаңыздағы басқа медаиакомпаниямен, қаладан тыс медиакомпаниямен серіктестік қатынас орнатыңыз.

52. Сайтыңызда mp3 жүктеуге арнайы бөлім арнап, жергілікті музыкалық топтар қолданушыларға арнап өз композицияларын жариялап тұруына  мүмкіндік беріңіз.

53. Мультимедиалы қазанамалар жасап, оларды көргені үшін бөлек ақы алып отырыңыз.

54. Мультимедиалы той хабарландыруларын жасап, оларды көргені үшін бөлек ақы алыңыз.

55. Шұғыл жаңалықтарды хабарлау үшін блогтар форматын қолданыңыз.

56. Өз газеті үшін «тым көп» жазып қоятын репортерлар тауып, оларға сайтыңызға баған жүргізуді ұсыныңыз.

57. Танымал колумнистер қосымшасын ашып, қосымша материалдарды e-mail арқылы таратып отырыңыз. Бұл сервисті газетке жазылушылар үшін ғана ашыңыз.

58. Оқырмандарыңызға жергілікті спорт командаларындағы сүйікті ойыншыларын таңдатып, жеңімпазға жеңіл-желпі сый ұсыныңыз.

59. Басшылық тарапынан газеттің жұмысы қалай жақсарып жатқанын оқырмандарға жеткізетін хат жазғызыңыз.

60. Қысқа әңгімелер байқауын ұйымдастырып, жеңімпаздардыкін онлайн жариялап отырыңыз.

61. Оқиға баяндарын Flash  немесе басқа да технологиялар көмегімен жасалған онлайн-ойындар көмегімен айтыңыз (мысалы, оқырмандарыңызға ойын арқылы қала бюджетін теңестіруге мүмкіндік беріңіз).

62. Әдетте кәдімгі мәтін етіп жазылатын оқиғаларды слайд-шоу түрінде ұсыныңыз.

63. Материал соңында автордың e-mail адресінен бөлек, өмірбаяны мен фотосын беріңіз, оқырмандар авторды жақсырақ тануы тиіс.

64. Бірінші бетті, жаңа санды және өткен санды онлайн сатыңыз.

65. Жарнаманы интерактив — ойын, викторина түрінде — жасаңыз.

66. Жергілікті спорт командаларының фанаттары үшін арнайы хабар тарату тізімін жасаңыз.

67. Репортерлардың бәріне сайтқа материал әзірлеу үшін цифрлік диктофон мен видеокамера беріңіз.

68. Редакциядағы телефондардың бәрін дыбыс жазу жүйесіне қосып қойыңыз: репортерлардың бәрінде телефоннан сұхбат жазып алып, оны онлайн жариялауға (әрине, сұхбат берушінің рұқсатымен) мүмкіндігі болуы тиіс.

69. Оқырмандарыңызға жаңалықтардың тақырып атауларын мессенджерлер арқылы жолдап отырыңыз.

70. Жарнама берушілерге сайттағы хабарландыруларға фотосурет орналастыруға мүмкіндік беріңіз, ал баспа нұсқасының оқырмандарына ол фотоларды қайдан көруге болатынын айтып отырыңыз.

71. Жергілікті оқырмандар үшін недәуір өзекті тақырыптар бойынша жаңалықтар таратылымын жасаңыз.

72. Күлкілі фотогалереялар жасап, ондағы суреттерді кездейсоқ ретпен көрсетіп отырыңыз.

73. Оқырмандарыңыздың жаңа идеялары туралы біліп отырыңыз. Біреуін болмаса біреуін жүзеге асыруға тырысыңыз.

74. Күн бойындағы қолданылатын материалдардың танымалдығы негізінде басты беттегі контентті қайта орналастырып шығыңыз.

75. Күн сайын жергілікті спорт командаларының ойынын жазып алатын адам тауып, сол жазбаларды онлайн жариялап отырыңыз.

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР