ДомойМедиа үніЖаңалықтар сайтын жақсартудың 100 тәсілі - 4

Жаңалықтар сайтын жақсартудың 100 тәсілі — 4

Жаңалықтар сайтын жақсартудың 100 тәсілі — 4

Жаңалықтар сайтын жақсартудың 100 тәсілі — 1

Жаңалықтар сайтын жақсартудың 100 тәсілі — 2

Жаңалықтар сайтын жақсартудың 100 тәсілі — 3

 

76. Жергілікті спорт командаларының ойындарынан тікелей эфирде репортаж жүргізетін жергілікті спорт комментаторларына блог ашып беріңіз.

77. Қызметкерлеріңіз редакцияның өзге бөлімдеріндегі қызметкерлермен тапсырма алмасып, бөлісе ме — тексеріңіз.

78. Бастық сіз болсаңыз — командадағы ең ауыр жұмысты мойныңызға алып көріңіз. Қызметкерлеріңіздің сізге деген құрметі де, командадағы беделіңіз де артып шыға келеді.

79. Онлайн материалдарға түзетулер, нақтылаулар, редактура жасау жөніндегі ережелерді айқындаңыз.

80. Онлайн жұмысқа қатысты бөлімдерді редакцияның этика кодексіне қосыңыз.

81. Жарнаманың бәрі жарнама екені анық көрініп тұрғанына көз жеткізіңіз.

82. «Оқырманға сүйіспеншілік» аптасын өткізіңіз — бір апта бойы сайтыңызда анимациялы жарнама шықпайтын болсын.

83. Оқырмандарыңызға қосымша ақы төлеп сайтыңызды жарнамасыз көру мүмкіндігін ұсыныңыз.

84. Сайтыңызда жергілікті саясаткерлерге, ньюсмейкерлер мен эксперттерге блог ашып беріңіз.

85. Жаңалықтарды өз аймағыңыз туралы ақпаратпен («энциклопедиялық» сайттан алуға болады) және карталармен байланыстырып қойыңыз.

86. Жас оқырмандар үшін арнайы бөлім ашыңыз. Ақпаратпен толтырып отыратын жергілікті жас журналистермен келісім жасаңыз.

87. Өзге тілде сөйлейтін оқырмандар үшін сайтыңызда арнайы бөлім ашып қойыңыз. Оларға арнап кейбір оқиға баяндарын аударып, арнайы жеке материалдар жазып отырыңыз.

88. Қандай да бір апат туралы сайтыңыздың барлық бөлімдерінде жазып отыру жоспарын жасап қойыңыз.

89. Кәсіби тренингтерді басымдыққа шығарыңыз және әр қызметкеріңізге келер жылы бір тренинг өтуге мүмкіндік беретін жоспар құрыңыз.

90. Маңызды бір тұлға қайтыс болғанда, онлайн «еске алу парағын» жасап қойыңыз.

91. Газет, не ТВ журналисі сайтқа арнап маңызды бір нәрсе жасаса, бүкіл команданың алдында мақтап, жұмысын бәріне көрсетіңіз.

92. Команда ішінде үздік онлайн жұмыс үшін марапат тағайындаңыз.

93. Қауымдастықтың өміріне ықпал ететін жергілікті заң жобаларын жариялаңыз, оқырмандарыңызды онлайн пікірталасқа шақырып, ұсыныстарын жергілікті әкімдікке жолдаңыз.

94. Шұғыл жаңалықтың мультимедиа пакетін әзірлеуге арналған технология көмегімен шаблон әзірлеп қойыңыз да, шұғыл ақпаратты сол шаблонға салып, бәсекелестеріңіздің алдын орап кетіп отырыңыз.

95. Сайт бетіндегі сілтемелер санының жартысын азайтып, трафик азайған-азаймағанын қадағалаңыз.

96. Оқырмандарыңызға ұнаған материалдарды сіздің сайтыңыздағы жеке парақшаларында сақтап қоюға мүмкіндік беріңіз.

97. Басты жаңалықтарды жазатын репортерлармен интервью жазып, соны аудио немесе видео түрінде сайтыңызда жариялаңыз.

98. Оқырмандарыңызға репортерлардан басты жаңалықтар туралы сұрауға рұқсат беріп, сол жауаптарды онлайн жариялаңыз.

99. Оқырмандарыңызға өздеріне ұнаған мақалалар мен фотоматериалдарға дауыс беруге мүмкіндік беріп, нәтижелерін онлайн жариялаңыз.

100. Күн сайын сағат 12-00 болғанда, ертеңгі газетте немесе кешкі жаңалықтарда не қызық болатыны туралы ерекше бір нәрсе жариялап отырыңыз. Бірақ сол қызықтың өзін онлайн жарияламаңыз.

Материалдың ағылшын тіліндегі түнпұсқасы.

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР