Storymaps.arcgis.com — орыс тіліндегі қарапайым, тегін онлайн-құрал. Оның көмегімен оқиға тарихын оның географиялық орнына байланыстына отырып баяндай аласыз.
Оқиғаны картада баяндау географиялық нүктелерді мультимедиалық мазмұнмен ұштастыруға мүмкіндік береді. Олардың көмегімен оқиғаны баяндап беру үшін карталардың бар мүмкіндігін пайдалануға болады.
ArcGIS аясында Esri Story Maps өз картаңызды жасау үшін әлемдік картографиялық ГИС-платформасының бар қуатын пайдалануға мүмкіндік береді.
Оның көрінісі мынандай болады:
Немесе мынандай:
Құрал бірнеше формат ұсынады, олармен жұмыс істеу оңай. Шыққан нәтижені HTML-код арқылы сайтқа орнатуға немесе әлеуметтік желілерде ортаға салуға болады.
Storymaps.arcgis.com жұұмыс бастау үшін тіркелу немесе Facebook әлде Google+ аккаунтыңызды көрсетіп кіру керек.
Содан кейін оқиғаны баяндау форматын таңдайсыз.
Күмәнданып тұрсаңыз, сервис сізге дәл қайсы керек екенін таңдап береді.
Содан кейін тақырыбын көрсетіп, мультимедиалық файлдарыңызды жүктейсіз.
Содан кейін жазғаныңызды тек өзіңіз көретін, не басқаларға ортақ етіп белгілей аласыз.
Дайын!
Біз қарапайым тізімді таңдадық: