ДомойОқып-үйренМедиаға арналған Яндекс сервистер

Медиаға арналған Яндекс сервистер

Медиаға арналған Яндекс сервистер

Яндекс.Жаңалықтар (Яндекс.Новости) сервисі интернеттің орысша сегментіндегі ірі жаңалық агрегаторларының біріне жатады. Аталған сервистің Қазақстанда 90-ға жуық серіктесі бар.

Қазақстан және Өзбекстандағы серіктестер желісін кеңейтуге ұмтыламыз,-дейді Ирина Халиуллина. Ол Яндекс.Жаңалықтардың серіктестерімен жұмыс жөніндегі бөлімге жетекшілік етеді.

2019 жылдың 26 ақпанында Алматыда өткен конференция барысында Яндекс өкілдерімен кездестік. Яндекс сервистері және соны Қазақстан медиасына аудитория тарту, монетизациялауға қолдану мүмкіндіктері жайында әңгімелестік.

Яндекс.Жаңалықтардың редакциясы жоқ. Команданың басым бөлігі жасаушы (разработка) және тестілеушілер, серіктестерге қызмет көрсетушілер, менеджерлер, аналитиктер, дизайнерлер тобынан құралған.  Контентті сараптау мен сүзгіден өткізудің барлық алгоритмі автоматтанған. Желілік басылым жаңалықтардың RSS-лентасын жасайды, Яндекс контентті «алады» Сосын қолданушы оны Яндекс лентасынан көреді.

Яндекстің жаңалықтар лентасына шығу медиа трафик әкеледі, жарнамадан түсетін табысты арттырады.

Яндекс.Жаңалықтардың Топ-5 тізіміне қалай ілінеді?

Автоматтанған іріктеу үш негізгі критерийге сәйкес жүреді:

  • Оқиға туралы БАҚ-тар жазып жатыр;
  • Оқиға туралы салмақты БАҚ-тар жазып жатыр;
  • Ақпараттың жиілігі – оқиға туралы көбі бір уақытта жазып жатыр;

Яндекс сюжеттердің сілтемесін көрсетеді – бұл сол бір оқиға туралы хабарламалардың жиынтығы. Барлық хабарламаның арасынан үздік жетеуі сүзіп алынады. Әрбір 3-5 минут сайын сюжет жаңарады – жаңа сілтемедер шығады.
Әрбір хабарламаға фильтр пайдаланады. Ол мынадай талаптары бар:

  • Көшірілуі (ақпаратты басқа медиалар, дәлірегі Яндекс.Жаңалықтардың серіктестері қанша рет жариялағаны)
  • Жылдамдығы;
  • Дереккөздің беделі;

Барлық факторлар ескерілетінін түсіну маңызды. Яндекс әр 3-5 минутта жаңалықты алады.

Иринаның хабарлауынша, серіктестерге арналған тағы бір жаңа мүмкіндік қосылыпты. «Ол – сюжеттегі видеоблоктар. Қазақстанда Яндекс.Жаңалықтардың осы бағыттағы серіктестері әзірге жоқ. Сервиске қосылу да оңай. RSS-ке тегті көрсетіп, mp4 форматындағы видеоны қосу қажет» деді Ирина.

Сізді осы мүмкіндік қызықтырса, онда міндетті түрде Иринаның info@news.yandex.ru поштасына жазыңыз. Сізге инструкциясын жібереді.

Талқылауға қатысушыларды қызықтырған сауалдың бірі – жаңалықтардың локализациясы. Яндекс мамандарының сөзінше, олар Қазақстанда қазақстандық ақпарат ресурстарынан алынған жаңалықтарды көрсетеді.

Сіз көретін жаңалықтың бәрі де жергілікті медиадан алынған.

— Ресей және Беларусь Республикасында сәйкесінше ресейлік және беларусьтің ақпарат ресурстарының жаңалықтары көрінеді. Қазақ тілінде контент жасайтын серіктестердің қатары көбейсе, онда Яндекс.Новостидің (Яндекс.Жаңалықтар) қазақша жеке нұсқасы шығады. Бұл үшін қазақша контент жасайтын серіктестер болуы керек,-дейді Яндекс мамандары.

Қазір Яндекс қазақ тіліндегі контенттің қажеттілігі мен қазақ тіліндегі медианың мүмкіндіктері туралы зерттеу жүргізуді жоспарлап отыр.

Яндекс.Жаңалықтардың серіктес бағдарламасына қосылудың егжей-тегжейін мына анықтамадан оқисыз. Яндекс.Жаңалықтарды жеке команда жасайды. Олар Яндекстің басқа сервистерімен байланыспаған.

Яндекс.Жаңалықтар сервисімен жұмыс істеуге арналған плагиндер тізімі:

Yandex.News Feed by Teplitsa плагині сайтыңыздың материалдарын Яндекстің Турбо-беттердің және Яндекс.Жаңалықтардың форматына ыңғайлайды
Аталған плагин сайтыңызда Яндекс.Турбо-беттер сервисіне арналған жаңа RSS-лента (немесе бірнеше лента) жасап береді
 RSS 2.0 -ні Яндекс.Турбо-беттер сервисіне түсіруді осы модуль икемдейді
Турбо-беттерге арналған фид жасайтын плагин. Яндекс компаниясы жасаған.

Турбо-беттер. Медианың смартфон қолданушылармен тиімді жұмыс істеуіне арналған Яндекс сервисі. Аталған сервис сайттың смартфонда жүктелуін тездетеді, көру тереңдігін 30%-ке ұлғайтады, ал сайттағы болу ұзақтығын екі есеге дейін өсіреді. Турбо туралы мұнда толық жазылған.

Баннерлер және монетизация

Яндекс сарапшылары медианың баннер қоюдағы бірнеше негізгі қателігін тізіп шықты.

  1. Баннерді сайттағы контенттің төбесіне қояды. Қолданушы төмен түсетіндіктен оны көрмейді. Баннер мәзірдің астында тұруы тиіс.
  2. 720х90 өлшемді баннер қолданады. Мұндай формат аудиторияның назарынан тыс қалады.

Мобиль нұсқаларының монетизациясы

Контент өте тез жүктелуі, барлық өлшемдегі экрандарға бейімделуі және қолданушыға қолжетімді болуы, яғни ақпарат көрініп тұруы тиіс екенін есте ұстаған маңызды.

Яндекстің монетизацияға арналған тағы басқа мүмкіндіктерін арнайы дәріс видеоларынан табасыз.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР