ДомойМедиа үніCOVID-19 туралы жалған ақпаратты қалай анықтаймыз: журналистерге арналған онлайн-тренинг

COVID-19 туралы жалған ақпаратты қалай анықтаймыз: журналистерге арналған онлайн-тренинг

COVID-19 туралы жалған ақпаратты қалай анықтаймыз: журналистерге арналған онлайн-тренинг

Денсаулық сақтау мәселелеріне қатысты жалған ақпарат көбейіп жатыр. Журналистер мен БАҚ қызметкерлері денсаулық сақтау саласындағы түрлі қиындықтар, мәселен COVID-19, туралы жан-жақты әрі тиімді әңгімелеу үшін күрделі ақпарат ағыны ішінен дұрыс бағыт-бағдар алуына тура келеді.

CRDF Global ұйымы АҚШ Мемлекеттік департаментінің қолдауымен онлайн-тренинг өткізеді. Мамандар тренингте денсаулық сақтау саласына қатысты жалған ақпаратты анықтайтын машықтарды меңгеріп, қажет білім алады. Ұдайы өзгеріп, тез дамып жатқан ақпарат майданында жұмыс істеу стратегиясын үйренеді. Қазір вакцинация туралы жалған ақпараттар да шыға бастады. Жалған ақпаратты анықтаудан бөлек, сенімді ақпарат көздерін табуды да біледі.

Денсаулық сақтау мәселелері туралы жазатын журналистерді, зерттеуші-журналистер мен мына аталған елдердегі медиаұйымдарды тренингке қатысуға шақырамыз:

• Шығыс Еуропа: Грузия, Украина, Армения, Болгария, Молдавия;
• Орталық Азия: Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан;
• Оңтүстік / Оңтүстік-Шығыс Азия: Индонезия, Малайзия, Вьетнам, Үндістан;
• Таяу Шығыс / Африка: Египет, Иордания, Алжир, Эфиопия.

Қатысу — тегін, бірақ 2021 жылғы 2 ақпанға дейін тіркелу керек. Тіркелу үшін онлайн-өтінішті толтырыңыз (тренингке қай тілде қатысқыңыз келетінін таңдаңыз).

Тренинг бағдарламасы алдын ала жазылған оқу модулдері мен онлайн-вебинарлардан құралған. Қатысушылар дайын модулдерге 11 ақпаннан кешіктірмей қол жеткізеді, ал вебинарлар 23 және 25 ақпанда өтеді.

Тренинг туралы көбірек ақпаратты CRDF Global ұйымының ресми шақыртуынан оқып-білесіз. Жобаның аға жетекшісі Карстен Боллдың kball@crdfglobal.org эл.поштасына хат жазып, хабарлассаңыз болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР