Орталық Азия журналистеріне арналған «Мәжбүрлі қоныс аудару және көші-қон мәселелері жөнінде ақпарат тарату: ұсыныстар мен ресурстар» тренингі болады.
Мерзімі: 15 маусым
Сағаты: 14.00 — 15.30 (Алматы уақытымен)
Қайда өтеді: Zoom
Спикер: Виталина Кириловска, БҰҰ-ның Орталық Азия бойынша БЖКБ құқықтық мәселелер жөніндегі аймақтық кеңесшісі.
БҰҰ-ның Орталық Азия бойынша Босқындар ісі жөніндегі агенттігі (БЖКБ) Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстандағы халықаралық қатынастар, көші-қон және тағы басқа да аралас тақырыптарға маманданған журналистерді онлайн-тренингке қатысуға шақырады.
Тренинг мақсаты — журналистердің көші-қон және мәжбүрлі қоныс аудару тақырыбына материал дайындағанда даулы тұжырымдар жасауынан сақтандыру.
Оқу бағдарламасы бірнеше бөліктен тұрады:
- БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігі (БЖКБ) және Италиядағы медиа ұйымдары бірлесіп дайындап жатқан Рим хартиясы кейсін таныстыру. Бұл хартия — медианың пана іздеушілер, босқындар, мигранттар және адам саудасы құрбандарымен қарым-қатынасы, олар туралы материал дайындау, жариялау тәртібін айқындайтын кодекс.
- Мәжбүрлі қоныс аудару терминологиясына шолу
- Босқындар мәртебесі туралы конвенцияның (1951 жылғы) негізгі қырларын, журналистерге қандай пайдалы тұстары бар екенін түсіндіру.
Қатысушылар тренингте БҰҰ БЖКБ дайындаған Орталық Азиядағы босқындар және азаматтығы жоқ адамдар туралы соңғы статистикалық деректерді алады.
Тренинг орыс тілінде онлайн өтеді.
Тренингке қатысу үшін 2021 жылғы 13 маусымға дейін мына сілтемені ашып, тіркеліңіз.
Қосымша ақпарат алу үшін мына эл.поштаға хат жазуға болады: kazal@unhcr.org