ДомойМедиа үніКонфликт кезіндегі журналистика бойынша вебинар өтеді

Конфликт кезіндегі журналистика бойынша вебинар өтеді

Конфликт кезіндегі журналистика бойынша вебинар өтеді

«Қазақстандық Медиа Желі/KazMediaNetwork» қоғамдық бірлестігі журналистердің қауіпсіздігіне арналған онлайн вебинарлар сериясын жалғастырады. Cарапшылардың пайдалы ақпаратын жинап, сіздерді еуропалық әріптестермен және олардың тәжірибесімен таныстырамыз.

2022 жылғы 1 наурыз, сағат 18.00-де ОАР-дан Питер де Туа (Peter du Toit) қонақ болады.

Ол медиатренер, конфликтілерді басқару және трансформация саласында философия докторы, Оңтүстік Африкадағы Родс университеті ((Rhodes University) журналистика және медиа білім мектебінің ғылыми қызметкері. Питер де Туа Африка, Оңтүстік-Шығыс және Орталық Азиядағы конфликтілерді жариялау бойынша курстар өткізген.

Тақырып: Конфликт кезіндегі журналистика

Журналистер тарапынан болатын қателік түрлі топ өкілдері арасындағы текетіресті одан әрі ушықтыратын жағдайлар болып тұрады, сондықтан сапалы және салмақты ақпарат берудің маңызы зор.

Сізді 1 наурыз, сағат 18.00-де күтеміз.

Zoom конференцияға қосылу үшін сілтемеге өтіңіз

Конференция идентификаторы: 885 0278 4432
Кіру коды: 881480

Сұрағыңыз болса, 8-707-7000-439 нөміріне Ольга Настюковаға (жоба жетекшісі) хабарласуға болады.

***

Бұл вебинар Америка халқының көмегі арқасында АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын «Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы» аясында дайындалды. «Қазақстандық Медиа Желі/KazMediaNetwork» ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты және ол ақпарат USAID, Америка Құрама Штаттары үкіметі немесе Internews пікіріне сай келмеуі мүмкін.

Редакция
Редакция
Редакционный аккаунт сайта "Новый репортер".

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР