«Қазақстандық медиа желі/KazMediaNetwork» қоғамдық бірлестігі Қостанай қаласында медиаэтика тренингін өткізеді.
Құрметті журналистер, журналистика факультетінің студенттері, Қостанай қаласында баспасөз қызметінде жұмыс істейтін мамандар!
«Қазақстандық медиа желі/KazMediaNetwork» қоғамдық бірлестігі сіздерді 13 мамыр, жұма күні 9.00-де өтетін офлайн-тренингке шақырады.
Тақырып: «Медиаэтика: негіздері, журналистің қауіпсіздігі және конфликт-сезімтал тақырыптар. Редакция саясаты».
Медиатренерлер:
- Бақтыгүл Бурбаева, KazMediaNetwork (Қазақстан) қоғамдық ұйымының атқарушы директор
- Вячеслав Половинко, «Новая газета» бас продюсері және сайт редакторы (Ресей)
Тренинг бағдарламасында:
- Журналистиканың халықаралық этикалық стандарттары;
- Медиаэтика негіздері және медиа ортаның өзін-өзі реттеуі. Қазақстан медиасы жұмысының негізгі принциптері;
- Қазақстандағы және шетелдегі этикалық кейстерге талдау;
- Редакциялық саясат және медиаэтика;
- Сезімтал тақырыптармен жұмыс: зорлық-зомбылық құрбандары, қақтығыстар, төтенше жағдайлар, құлдық, адам саудасы, терактілер, экстремал жағдайлар. Топтық жұмыс, практикалық кейстерді талдау;
- БАҚ-та суицид туралы қалай жазу керек?
- Қазақстандағы медианың өзін-өзі реттеуі жөніндегі қоғамдық Комитет қалай жұмыс істейді?
және басқа да тақырыптар бар.
Тренинг сағат 16.00-ге дейін жалғасады. Барлық қатысушыға сертификат беріледі. Тренинг қазақ және орыс тілдерінде өтеді.
Мекенжайы: А.Байтұрсынов атындағы университеттің мәжіліс залы, А.Байтұрсынов көш., 47
Тренингке мына телефон нөмірлеріне хабарласып, жазыла аласыз:
8-777-213-13-67 Бақтыгүл Бурбаева, медиатренер
8-707-7000-439 Ольга Настюкова, жоба жетекшісі
***
Бұл вебинар Америка халқының көмегі арқасында Америка Құрама Штаттарының Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын «Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы» аясында дайындалды. «Қазақстандық Медиа Желі/KazMediaNetwork» ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты және ол ақпарат USAID, Америка Құрама Штаттары үкіметі немесе Internews пікіріне сай келмеуі мүмкін.