ДомойМедиа үніЖаңалықтар редакцияларындағы 2015 жылғы 9 басты тренд

Жаңалықтар редакцияларындағы 2015 жылғы 9 басты тренд

Жаңалықтар редакцияларындағы 2015 жылғы 9 басты тренд

Вашингтонда өткен  Редакторлардың бүкіләлемдік форумы аясында 2015 жылғы 29 маусымда шығарылған жаңа есепте жаңалықтарды геймификациялау, дерек көздерін қорғаудың нашарлап кетуі мен репортаждарды автоматты түрде жасаудың пайда болуына жауап ретінде зерттеу журналистикасы әдістерін жаңарту сияқты тенденциялар басым келеді.

«Жаңалықтар редакцияларындағы трендтер 2015» атты есепте биыл Редакторлардың бүкіләлемдік форумына  сұхбат берген елуден астам редактор мен журналистің ойында жүрген тоғыз басты мәселе көрініс тапты.

  1. Жаңа конвергенция – ойындар, виртуал шынайылық және денеге тағылатын құрылғылар жаңалықтармен қиылысып жатыр 

Бір-бірімен мүлде қабыспайтындай көрінетін екі саланың: ойындар өндірісі мен жаңалықтардың бірігуі байқалады. Видеоойындардың технологиялары мен әдістері журналистиканың дәстүрлі әдістерімен бірлесе қолданылатын геймификация дүние жүзі жаңалықтар редакцияларының назарын қайтадан аударып отыр.

BBC, The Guardian және New York Times сынды медиа ұйымдары соңғы жылдары өздерінің «жаңалықтар ойындарын» жасады, ал BuzzFeed жақында сайтқа контент жасауға қызмет ететін «ойын өндіруші топ» құрылғанын хабарлады.

  1. Дерек көздерін қорғаудың нашарлауы – зерттеу-тергеу журналистикасы үшін қауіптің артуы 

Бұрындары дерек көздерінің құпиялығына кепілдік бар еді, яғни, заңда жазылған дерек көздерін қорғау нормалары мықты болған елдерде тіпті түрмеге отырғызу қаупі болса да, дерек берген адамның есімін қорғауға кепілдік бар еді.

Алайда, бүкіл дүние жүзі бойынша журналистердің дерек көздерінің этикалық міндеттемелері мен құқықтық қорғалуы тінтумен (жаппай да, мақсатты да) және ақпаратты міндетті түрде сақтау талаптарымен шектеліп, ұлттық қауіпсіздік қызметтері мен антитеррористік заңдар алдында шегінуде. Тіпті, Google, Facebook, Twitter және интернет провайдерлері болуы мүмкін үшінші тараптар алдында да қауқарсыз және бейцифр әлемге арналған заңдарды біржақты түсіндіру салдарынан бұзылып келеді.  

Осы себептен, зерттеуші-журналистер мен олардың редакторларының назары қажеттіліктен тәуекелдерді бағалауға, өзін-өзі қорғауға және дерек көздерін оқытып үйретуге ауып отыр.

Есепте бірнеше журналист пен редактордың сұхбаты негізінде, зерттеуші-журналистер дерек көздерін қорғаудың нашарлауына қарсы қодланатын әдістеріне сараптама жасалған.

Басты ой: «Аңдуда екеніңізді жай ғана мойындаңыз».

  1. Роботтар көтерілісі – автоматтандырылған жаңалықтар келешегіне қош келдіңіз 

Жуырда ғана The Associated Press тарихтағы алғашқы Автомат Редакторды жұмысқа қабылдады. The Associated Press «автоматтандырылған майданынан» ең соңғы жаңалық – өздері бұған дейін жазбаған колледжердегі мыңдаған спорттық жарыстар туралы хабар тарату үшін репортаждарды автоматты  түрде жасауды қолдануды жоспарлап отырғаны болды.

«Кім де кім бұл әлі болмайды деп ойласа, бұл қазірдің өзінде болып жатыр», – дейді автоматты түрде репортаждар жасаудағы алғы шепті иеленіп отырған The Associated Press вице-президенті және атқарушы директоры Лу Феррара.

  1. Шарлидан кейінгі журналистика – жарылыс дүмпуімен келген сабақ 

Париж орталығында Шарли Эбдоға жасалған террористік шабуыл әлемдік журналистика үшін дабыл қоңырауы болып еді. Ол ендігі жерде журналистер өз жұмыс орнында отырса да, қақтығыстар аймағында жүрсе де, террористердің нысанасына айналғанын айқын көрсетіп берді.

Сол үшін жаңалықтар редакцияларының қауіпсіздігі дағдарысқа ұшырап, баспасөз бостандығы бүкіл дүние жүзі бойынша алғашқы бетке шықты. Алайда, ол бәрібір журналистиканың қажет екенін; Батыс елдеріне қатысы бар террористік қақтығыстар мен дамушы елдердегі терроризм туралы жазуда айырмашылық бар екенін; антитеррористік шара ретіндегі мемлекеттік цензура қаупін; сондай-ақ, қақтығысқа қатысты пайдаланушылар тарапынан түзілетін (UGC)  контентке сенім артумен байланысты тәуекелдің күшейгенін көрсетті.

Бүгінде журналистер мен редакторлар алдында тұрған мәселе – этика, редакторлық жұмыс және басқару тұрғысынан қалай жауап беруде болып отыр.

  1. Подкасттар революциясы – аудионың қайта жаңғыруы назар аударуды талап етеді 

Бұл «серия эффектісі» деп аталады. «Serial» – АҚШ Ұлттық радиосындағы «This American Life» подкастының айрықша танымал туындысы.»Деректі-ойын-сауық» санатына жататын бұл подкаст шамамен 80 млн рет көшірілген.

Бәрі жөн, материал ұсынудағы соңғы трендтің негізінде ешқандай супер-инновациялық технология жоқ. Ол қымбат құрылғыларды талап етпейді және бәріне қолжетімді. Ол тыңдау деп аталады.

Он жыл бұрын пайда болған подкастинг радионы кестеге байланудан азат етті. Ол аудиоортаның «эфирлік» табиғатын тіршілікке қабілетті экожүйеге түрлендірді.

Аудионың қайта жандануы «Serial-дан» басталмаса да, осы жүзжылдықта материал ұсынудағы сенсацияны сол жасады. 12 сағаттық сериалдар ТВ-фильмдерден алынған саспенс стилі мен радиожурналистиканың жан жылуын бір бойында тоғыстыра білді.

  1. Қатынас жасауға арналған қосымшалардың өркендеуі – әлеуметтік медиадағы жаңа белес 

Жаңалықтар редакциялары әлеуметтік медиа ағынында жайғасып жатқанда, чаттарға арналған мобильдік қосымшалар тренді жаңа белестерге жетелейді. Бәрі басынан басталады.

«Батыстан Шығысқа қарай жүретін технологиялық трендтерден бір айырмашылығы — бұл Шығыстан Батысқа келе жатыр», – дейді ВВС мобиль редакторы Трушар Барот. – Сондықтан да, Кореядағы, Жапониядағы, Оңтүстік Америкадағы халықтың екінші болмысына айналып кеткен осы бір мінез-құлық қыры бір-екі жылдан кейін Батысқа орын ауыстырып, Батыстағы жұрттың көбі үшін де екінші болмысқа айналып кететін сияқты көрінеді».

2009 жылы әлемдегі мобиль трафиктің үлесі 1% аз болған кезден бері, ол  2015 жылы 33,4% дейін көтерілді – және осы өсімнің жартысына жуығы соңғы екі жылда болды. Нигерия мен Үндістан сынды елдерде веб-трафиктің 70% астамы мобильдік құрылғыларды қолданушылар арқылы келеді.

  1. Аналитиканың дамуы – жаңалықтар редакциялары аудиториясын арттыруға арналған негізгі өлшемдер 

Соңғы жылдары жаңалықтар редакциялары жұмысының бағытын айқындауда деректер мен аналитиканы қолдану біршама дамыды.

источник фото: https://www.flickr.com/photos/howardtj/14670275121/

Аналитика – жаңалықтар редакцияларына өз контенті сайтта да, одан тыс та қалай қозғалатынын түсінуге мүмкіндік беретін, пайдаланушылардың әрекет сипаттарын анықтау үшін қолданылатын құралдар жиынтығы.  2014 жылы негізгі мәселе пайдаланушылар мінез-құлқын «оқуды» оңайлату үшін «алтын өлшемдер» іздеу болатын.

Жаңалықтар редакцияларында орнатылған үлкен экрандар парақтарды қарау саны мен «назар аудару минуттарының» маңыздылығын баса көрсететін. Сөйтіп, жаңалықтар редакциясы жұмысының этикасы жөніндегі желіде де, желіден тыс та, метрика сараптамасына негізделген пікірталастар жалғаса береді.

Көшбасшы редакциялар журналистерге немесе журналистер тобына аудиторияны дамытып, арттыру үшін жауапкершілік жүктеп, оларды өз редакторлық процестеріне араластыра бастады. Олар аудитория өз контентін «қалай және қашан» тұтынатыны мен редакторлық жұмыс процестері, сондай-ақ сандар шешім қабылдауда қандай роль атқаратыны арасындағы нүктелерді байланыстырумен әуре болып кетті.

  1. Жыныстар ісі – ілгерілеу жолындағы кедергілерден құтылу және желілік харассментке қарсы әрекет жасау 

«Кибер-әйелжеккөрушілікке» қарсы күресте әйел-журналистерге көмектесу үшін жоғарыдан басқару, одақтар құру, сексистік әдістерді табу, тренингтер ұсыну – осының бәрі бүкіл дүние жүзі бойынша гендерлік теңдік пен жаңалықтар редакцияларындағы әйелдерді күшейту жолында жасалып жатқан маңызды қадамдар.

Әйел журналистер әлі күнге дейін редактор қызметінде азырақ көрінеді. Сондықтан да Катарина Вайнер  The Guardian алғашқы әйел-редакторы болып тағайындалуы бүкіл дүние жүзі бойынша әйел журналистерге «әйнек төбені» (компанияда әйел адамдарды тек жынысы үшін ғана өсірмеу үшін кедергі жасалатын жағдай) сындыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, Bloomberg News негізінде редакторлар еңбегінің өнімділігін жақсартуды және гендерлік теңдіктен қаржылай пайда көруді көздейтін өзгерістер жүргізіп жатыр.

  1. Шағын жаңалықтар редакцияларындағы инновациялар – бүкіл дүние жүзінен келетін шабыт

Соңғы жылдары экономика және технологиялар дамуы, бәскелестердің жаңа толқыны және өз талабы бойынша түрлі платформаларда контент алғысы келетін аудитория тарапынан жасалатын қысым редакцияларды бұрын болмаған өзгерістер жасауға мәжбүр етті.

Көбінесе инновациялар туралы баяндар The New York Times және The Guardian сынды басылымдардағы өзгерістер жөнінде әңгімелейді.

Бұл компаниялардың қол жеткізгені көп болғанымен, бүкіл дүние жүзі бойынша ақпарат беру мен аудитория тарту жолында айрықша тәсілдерді қолдануға ұмтылып жүрген басқа да көптеген жаңалықтар басылымдары бар.

wan-ifra.org материалдары бойынша.

«Жаңалықтар редакцияларындағы трендтер» атты есептің толық нұсқасын Редакторлардың бүкіләлемдік форумы және  WAN-IFRA мүшелері мына жерден тегін оқи алады, бұл ұйымдарға мүше еместер үшін жарияланым бағасы 500 Евро.

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР