Security in-a-box («Қораптағы-қауіпсіздік») жобасы — кез келген қолданушыға Интернеттегі жеке бас деректерін тиімді қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін кеңестер, ұсыныстар, мақалалар мен тегін бағдарламалардың онлайн-жинағы. Әсіресе бұл каталог медиа мамандарына керек.
Security in-a-box жобасы жөнінде
«Бұл жинақ – Tactical Technology Collective және Front Line ұйымдарының жетекшілік етуімен жұмыс жүргізген әлемнің түрлі елдеріндегі қауіпсіздік саласындағы эксперттер, құқық қорғаушылар, бағдарлама әзірлеушілер мен аудармашылардың ортақ қызметінің нәтижесі.
Материалдар да, бағдарламалар да компьютерлік қауіпсіздік жөніндегі тренингтер мен семинарларда бірнеше рет пайдаланылды».
Жинақ екі бөлімнен тұрады: буклет («Пайдалы кеңестер») және практикалық нұсқаулық («Қажет бағдарламалар»). Нұсқаулыққа бірнеше тегін бағдарлама қоса беріледі.
Құпия сөзді сақтау, қажет ақпаратты қалпына келтіру, вирустардан құтылу, цензураны айналып өту, файлдар мен почтаны шифрлеу — ресурста осы тақырыптар бойынша тек теориялық кеңестер ғана емес, шын мәнінде жұмыс істейтін тегін бағдарламаларға сілтемелер беріледі.
«Жинақ ағылшын, араб, испан, орыс және француз тілдерінде ұсынылады. Ол электрон түрінде ғана емес (дискілерде және Интернетте – securityinabox.org), басылым түрінде де бар. Кітап түріндегі нұсқасы қажет болса, security@ngoinabox.org адресіне хабарласыңыздар».