Әлеуметтік желілер журналистер үшін алуан түрлі ақпарат көзі бола алады. Мұнда соңғы трендтерді қадағалап, жарияланымдардың танымалдығына мониторинг жүргізіп, ақпаратқа себеп, кейіпкер таба аласыздар.
Әлеуметтік желілермен жұмыс істеу үшін пайдалы құралдардың бірі — social-searcher.com. Сервис тегін, негізгі мүмкіндіктерін пайдалану үшін тіркелу қажет емес.
Негізгі функциясы — реал уақыт режимінде сіз көрсеткен негізгі сөздер бойынша жазбаларды іздеу. Social-searcher.com түрлі әлеуметтік желілерді сараптау уақытын қысқартуға көмектеседі, ресурс жұмыс істейтін сайттар тізімі біршама кең:Twitter, Instagram, Google+, YouTube, Flickr, Facebook.
Соңғы желіні мониторингке қосу үшін нақты парашаға сілтеме беру керек.
Сол жақ терезеде жұмыс тақтасын көресіз, онда іздеу сұранымын, контенттің қай трін (фото, видео, сілтемелер, т.б.) іздейтініңізді көрсетесіз.
Нәтижелерін сақтап алу үшін тіркелу керек болады. Құралдың тегін нұсқасы күніне жүз іздеу сұранысын жіберіп, жаңа нәтижелер туралы екі хабарлама хат алуға мүмкіндік береді.