ДомойМедиа үніFacebook-тың сіз білмейтін сегіз пайдалы функциясы

Facebook-тың сіз білмейтін сегіз пайдалы функциясы

Facebook-тың сіз білмейтін сегіз пайдалы функциясы

Медиа мамандарының барлығы дерлік Facebook қолданады. Алайда, әлемдегі ең үлкен әлеуметтік желінің барлық мүмкіндіктерін шын мәнінде білетіндер некен-саяқ. Фейсбуктағы жұмысыңызды тиімді де оңтайлы ете түсетін 8 пайдалы функция ұсынамыз.

1. Фейсбуктағы жарнама бойынша қалауыңызды қалай өңдеуге болады

Өз уақыт тізбегіңізде кездейсоқ жарнама шыққанын көріп, Фейсбук оны сізге не үшін көрсетті екен деп таңқалғаныңыз бар ма?

Бұл сіздің жарнама баптауларыңызға (Advert Preferences): Фейсбук сізді қызығады-ау деп ойлаған тақырыптар топтамасымен қандай да бір байланысы болуы мүмкін. Топтама сіздің профайлыңызды, сізге ұнаған парақшаларды, сіз басқан жарнамаларды, сіз кіретін сайттарды негізге ала отырып жасалады.

Фейсбуктағы баптамаларыңыз бөлімінде осы қалауыңызды көріп, тіпті өңдеуіңізге болады.

Фейсбуктің оң жақ жоғарғы бұрышындағы «Настройки» батырмасын басыңыз:

8 полезных функций в Фейсбуке, о которых вы не знали

Содан кейін «Реклама» дегенді таңдап, соның жанында  «Реклама на основании моих предпочтений»тармағындағы «Редактировать» сілтемесін басыңыз.

8 полезных функций в Фейсбуке, о которых вы не знали

Содан кейін төменде көрсетілген экранды көресіз, сонда қалауларыңызды көріп, өңдеу үшін «Открыть рекламные предпочтения» дегенді басыңыз. Өз қалауларыңызды көріп, өңдеуге мүмкіндік беретін парақшаға өтесіз:

8 полезных функций в Фейсбуке, о которых вы не знали

Әр санатқа кіріп, өз қалауларыңыз тізіміндегі тақырыптарды қарап шығу — қызық іс. Қалауларыңыздың бірін алып тастап, сол тақырыпқа белгіленген жарнаманы көргіңіз келмесе, сол тақырыптың үстінде сәл тоқтап, «х» батырмасын басып, алып тастауыңызға болады.

2. Instagram арқылы жарияланған суреттер Фейсбуктың өзіне салынған суретті жазбаларға қарағанда көбірек таралады 

3 миллион бренд парақшаларындағы 1 миллиард жазбаларды қолданып жасалған Buzzsumo компаниясының сараптама зерттеуі көрсеткендей, Фейсбукте Instagram арқылы жарияланған суреттер жеке суреттерге қарағанда көбірек қаралады екен.

8 полезных функций в Фейсбуке, о которых вы не знали

Жазулар: сол жақта — Инстаграм арқылы жарияланған, оң жақта — тікелей Фейсбуктің өзіне салынған. Тік сызық бойымен — өазара әрекеттер саны. Көгілдір — шэйр, қызыл-сары — лайктар, қызғылт — пікірлер, жасыл — бәрінің қосындысы.

Бұл әсіресе қызық, өйткені, бір платформадан басқасына жариялау өзара ықпалдың төмендеуіне алып келеді (мысалы, Фейсбуктің өзіне жарияланған видер мен YouTube сілтемесін Фейсбукке қоюды салыстыру нәтижелерін қарап көруге болады).

Алайда, Instagram  Фейсбуктің жеке меншігі болғандықтан, Instagram-нан келген посттарды сақтауға көбірек орын беруде Фейсбуктың қандай да бір өз есебі болуы мүмкін.

3. Алты таныс теориясының аясы тарылып келеді

«Алты таныс» теориясы әлемдегі дүниенің бәрі кез келген адамнан алты қадам қашықтықта орналасады дегенді айтады. Қадамдар — таныстар. Алайда, әлеуметтік медиа арқасында таныстар саны азайып келе жатқан сияқты.

Алты таныс теоиясы үш жарым таныс теориясына айналып келеді дейді Фейсбук өзінің зерттеу блогында:

Әлемдегі әр адам (кем дегенде, Фейсбукты белсенді қолданатын 1.59 миллиард адамның әрқайсысы) басқа адаммен орта есеппен үш жарым адам арқылы байланысқан.

Фейсбуктегі адамдардың көбінің төмендегі график көрсеткендей, орта есеппен  2,9-4,2 «ажырау деңгейі» бар:

Большинство людей в Фейсбуке имеют в среднем от 2,9 до 4,2 «степеней разделения», как показывает график ниже:

Жазулар: Х осі бойымен – ажырау деңгейлерінің орташа саны, Y осі бойымен – Фейсбук қолданыушылары саны, миллионмен.

Бұл әлеуметтік медиа мен Фейсбук бізді байланыстырып тұрғанын көрсетеді.

4. Фейсбуктегі бүкіл ақпаратыңызды қалай көшіріп алуға болады 

Фейсбук қолданатындардың бәрінің дерлік әлеуметтік желіде сақталатын аөп ақпараты, материалдары мен естеліктері бар.

Фейсбуктегі ақпаратыңыздың бәрін мұрағаттап, суреттермен қоса көшіріп алғыңыз келсе, оны бірнеше қадаммен-ақ істеуге болады:

1. Фейсбук баптамалары парақшасына барыңыз.
2. Аккаунттың жалпы баптаулары астындағы «Скачать копию вашей информации на Facebook» дегенді басыңыз.
3. Көшіру басталуы үшін «Начать создание архива» дегенді басыңыз.

8 полезных функций в Фейсбуке, о которых вы не знали

Кеңес: Фейсбуктен көшіріп алатын ақпаратыңызда жеке деректер — келген хабарламалар, фотосуреттер, т.б. — көп болады. Сондықтан, ол архивті қауіпсіз орында сақтаған дұрыс болар.

Көшіріп алынатын деректерге не кіретінінің толық тізімін көру үшін Фейсбуктың көмек орталығы парақшасын қараңыз.

5. Хештегті жазбалар хештегсіз жазбаларға қарағанда азырақ қаралады 

Фейсбуктегі 1 миллаирдтан астам жазбаланы пайдалана отырып жүргізілген Buzzsumo зерттеуі көрсеткендей, Фейсбукте хештегпен жазылған жазбалар хештегсіз жазылған жазбаларға қарағанда көбірек талқыланады екен. Ол төмендегі графикте көрсетілген: 

7. Почти половина всех пользователей работают только на мобильных устройствах

Жазулар: саол жақта — хештегпен, оң жақта — хештегсіз,  Y осі бойымен – өзара ықпалдасу көрсеткіші.

Хештегтер Twitter мен Instagram-дағы материалға санат үстеу тәсіліне айналды, алайда, Фейсбукте дәл сондай ықпалды бола алмады.

Сондай-ақ, әлеуметтік желілерді түрлі платформаларында түрлі жазбалармен бөлісу керек екенін де көрсетеді.

6. Сілтемелерді кейінге сақтап қою

Фейсбутегі жаңалықтар таспасын қарап отырып, назарымды аударған жазбалар болады, бірақ оны сол арада оқып немесе видеоны көріп тастауға уақытым болмайды.

Бұл жағдай сізде де болса, мынаған назар аударыңыз: Фейсбукте сілтемені сақтап қойып, кейін қайта оралып қарауға мүмкіндік беретін функция бар.

Өз уақыт тізбегіңізде көрген жазбаны кейінге сақтап қойғыңыз келсе, жоғарғы бұрыштағы мәзірді түсіріп, сондағы «Сохранить публикацию» дегенді басу керек:

6. Как сохранять ссылки на потом

Сақталған жазбаларды табу үшін мына парақшаға өтіңіз, ал мобиль құрылғыда навигация тақсасындағы «Больше» батырмасын бассаңыз, сонда сақталған жазбаларға қатысты опцияларды табасыз:

Как сохранять ссылки на потом

7. Қолданушылардың жартысына жуығы тек мобиль құрылғыларда жұмыс істейді 

Фейсбук бір жарым миллиардан астам қолданушысы бар және олардың бір миллиардтан астамы сервисті күнделікті қолданатынын айтып мақтанады.

Еі қызығы, Фейсбук қолданушыларының жартысына жуығы әлеуметтік желіні тек мобиль құрылғылардан ғана ашады екен.

7. Почти половина всех пользователей работают только на мобильных устройствах

Жазулар: Тек мобиль құрылғылар қолданатын  Фейсбук қолданушылары проценті. Х осі бойымен — түрлі жылдардағы тоқсандар (2013-2015).

VentureBeat басылымы 2016 жылы Фейсбук қолданушыларының жартысынан көбі мобиль нұсқаға көшеді деп болжам айтады.

8. Фейсбук пен Google күнтізбелерін қалай синхрондауға болады?

Фейсбук күнтізбесін де,   Google күнтізбесін де қолданатын болсаңыз, оларды біріктіру оңай, әрі пайдалы болмақ.

«Мои мероприятия»  тармағына өтіп, «Предстоящие» дегенді басыңыз. Шараның өзінің парақшасына өткенде, «Опции» батырмасын (үш нүкте) басып, мәзірді түсіріп,  «Экспорт мероприятия» дегенді таңдаңыз:

Как синхронизировать календари Фейсбука и Google?

Қалқып шығатын терезеден «Подпишитесь на все ближайшие мероприятия в вашем календаре» деген жердегі сілтемені көшіріп алу керек.

Как синхронизировать календари Фейсбука и Google?

Сілтемені көшіріп алғаннан кейін, Google күнтізбесін ашып, сол жағындағы «Другие календари» опциясын көресіз. «Другие календари» дегеннің оң жағындағы мәзірді түсіріп, «Добавить URL» дегенді таңдайсыз.

Как синхронизировать календари Фейсбука и Google?

Қалқып шығатын терезеге Фейсбуктан көшіріп әкелген сілтемені қойыңыз. Енді Фейсбуктегі шараларыңыздың бәрі Google күнтізбесімен синхрондалады.

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР