ДомойОқып-үйренInstagram-дағы аккаунтқа сараптама жүргізуге арналған 5 құрал

Instagram-дағы аккаунтқа сараптама жүргізуге арналған 5 құрал

Instagram-дағы аккаунтқа сараптама жүргізуге арналған 5 құрал

Әлеуметтік желілерде кәсіби түрде тиімді жұмыс істеу  үшін біршама білім, машық керек. Солардың бірі — әрекеттерді, алынатын нәтижені сараптау. Әлеуметтік желілердегі аккаунтыңыздың дамуы жөніндегі егжей-тегжейлі ақпарат алуға көмектесетін сервистер топтамасын ұсынамыз.

Squarelovin

Squarelovin – жүйеге дербес компьютер арқылы кіріп, күнделікті жаңартылып отыратын ақпарат негізінде Инстаграмның лайктар, пікірлер, ең сәтті контент, пост жариялауға ең лайық уақыт, аудитория тартуға жақсы жұмыс істейтін фильтрлер, демографиялық көрсеткіштер, тіпті сізден кеткен жазылушылар саны сияқты негізгі өлшемдерін көруге мүмкіндік беретін тегін сервис.

5 инструментов для аналитики Instagram-аккаунта

Өз аккаунтыңызға қатысты да, сондай-ақ, қандай да бір айрықша постқа қатысты да сараптамалық ақпаратты ала аласыз.

Iconosquare

Iconosquare одан да көбірек өлшемдер ұсынады. Сервистің өзге функциялары арасында лайктардың жалпы санын есептеу, ең көп лайқ жинаған фотосурет, бір фотодағы лайктар мен пікірлердің орташа саны, жазылушылар саны арту графигі және одан да алдыңғы қатарлы метрикалар бар.

5 инструментов для аналитики Instagram-аккаунта

Сервис ақылы, бағасы – жылына 28$ басталады,  жеті күндік тегін нұсқасын қолданып көруіңізге болады.

Locowise

Locowise әлеуметтік медиадағы стратегияңыз болжамдармен емес, нәтижемен нығайтылғанына кепілдік береді. Сервис бірден бірнеше тегін құрал ұсынады — Facebook, Instagram, Twitter  сараптаулары және тіпті «фанаттар базасын болжап айту» — келешекте қанша жазылушыға есеп жасай алатыныңызды көрсетеді.

5 инструментов для аналитики Instagram-аккаунта

Тегін нұсқасының он төрт күндік жазылу мүмкіндігі бар. Ақылы нұсқасының бағасы — айына 120$ басталады. Инстаграм сараптаушысы жазылушылар тарту және олардың санын арттыру жолында қалай жұмыс істеп жүргеніңзді түсінуге көмектеседі.

Union Metrics

Ақылы да (айына 525$ басталады), тегін де нұсқалары бар. Union Metrics мына сұрақтардың жауабын береді:
* Инстаграмда пост жариялауға қай кез қолайлы?
* көбірек аудитория тарту үшін қандай хештегтерді пайдаланған дұрыс?
* не туралы көбірек (немесе азырақ) пост жазу керек?
* басты фанаттарыңыз кім?

5 инструментов для аналитики Instagram-аккаунта

Social Rank

Бұл сервистің назары — жазылушыларда. Social Rank жазылушыларды олардың қайда тұратынына, негізгі сөздерге, басқа да сипаттарына қарап таңдап, іріктеп алуға мүмкіндік береді.

5 инструментов для аналитики Instagram-аккаунта

Бұл ақпарат келешек контенттің қандай болатынын жоспарлап алуыңыз үшін сіздің аудиторияңызға не керек екенін түсінуге көмектеседі.

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР