ДомойОқып-үйренМультимедиалы тренингке арналған 10 сервис

Мультимедиалы тренингке арналған 10 сервис

Мультимедиалы тренингке арналған 10 сервис

Мультимедиа тренді жалғасып жатыр: жақсы инфографика мәтінді мәнді етеді, ал интерактив құралдар онлайн-тренингтің сәнін кіргізеді.

e-Learning студиясының жетекшісі, онлайн оқытуды енгізу бойынша маман Светлана Пономаренко офлайннан онлайнға көшуді үйретер тренинг өткізді. Онлайн оқытатын әрбір адам білуі керек мультимедиалық құралдар туралы айтып берді.

Сервистерді қолдану бойынша және тағы басқа тақырыптас оқу курстарын, лекция жазбалары мен онлайн-сабақтарды посттренинг бетінен табасыз.

Виртуал тақталар:

  • Google Jamboard жазуға, стикер жіберіп, сурет қоюға арналған ең қарапайым тақта. Толтырылған тақтаны png және pdf форматтарында жүктеп алуға болады.
  • Padlet алдыңғы тақтамен салыстырғанда функциясы көбірек сервис. Нақты бір макетті таңдай аласыз. Енгізілген ақпаратты өзі жинайды. Тренинг қатысушыларымен танысуға, хабарландыру жасауға оңтайлы тақта.
  • Miroмультимедианы жетік білетін қолданушыларға арналған тақта. Шағын топтармен жұмыс істеуге ыңғайлы үлкен жазық тақтасы бар. Ақылы нұсқасының функциясы көп (тарифі бір адамға айына 8$-дан басталады. ). Тақтаны редакциялау үшін тіркелу қажет.

Тестілеу

  • Pruffme жұртшылық бұл платформаны вебинар өткізуге арналған сервис ретінде біледі. Алайда осы платформада тест жасауға да болады. Интерфейсі түсінікті, нәтижесі де жақсы.
  • Kahoot жеке және топтық тест жасауға арналған ең танымал сервис. Kahoot базасындағы ашық та қанық түстері бар жылдам тестілеу үлгілерін тренингтердегі интерактив үзілісте жиі қолданады.
  • Quizizz алдыңғы сервиске ұқсайды. Бір айырмашылығы: тіркелу барысында оқытушы екеніңізді көрсетсеңіз, онда кеңейтілген функционалын пайдалануға рұқсат аласыз.

Интерактивтер:

  • Quizlet терминдерді есте сақтауға арналған карточкалар жасауға болады. Карточка мысалдарын көріп, өзіңіз де карточкалар жасау үшін тіркелу қажет. Дайын карточкаларды сайтқа қоюға болады.
  • Branchtrack әдемі диалог тренажерлерін жасайды. Тегін нұсқасында бір ойын құрастыруға болады. Базалық кейіпкерлер мен локациялар бар. Ақылы нұсқасында алуан түрлі тренажерлер жасауға, фон және кейіпкерлер қосуға болады.
  • Online test padтест, сауалнама, курс жасауға арналған абсолют тегін сервис. Көптеген сұрақ типтері бар.
  • H5p интерактив видео жасауға, орнынан жылжыту форматындағы (drag’n’drop) тапсырмалар орындауға және тағы басқа түрлі әрекеттер істеуге арналған сервис. Дайын нәтижені сайттағы материал ішіне қосуға болады.

Светлана Пономаренконың офлайннан онлайға көшу тренингі — Internews ұйымдастыратын «COVID-19 кезеңінде онлайн оқуды үйренеміз» циклді тренингтерінің бір бөлігі.

Бұл жоба АҚШ халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Қазақстандағы Internews өкілдігінің «MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы» аясында жүзеге асты.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР