«Қазақстандық Медиа Желі/KazMediaNetwork» қоғамдық бірлестігі журналистердің қауіпсіздігіне арналған онлайн вебинарлар сериясын жалғастырады. Cарапшылардың пайдалы ақпаратын жинап, сіздерді еуропалық әріптестермен және олардың тәжірибесімен таныстырамыз.
22 ақпан, сағат 17.00-де өтетін вебинарда екі сарапшы қонақ болады:
- Кристофер Бут (Christopher Booth) – мультимедиа өнімдерін жасау саласында 30 жылға жуық тәжірибесі бар маман. Он жыл бұрынғы КСРО аймағында қызмет еткен, APTN, Sky, NBC және BBC-де жұмыс істеген. ВВС-дің Мәскеу бюросының жетекшісі болып, кейін Бағдатта дәл осы қызметті атқарған, сонымен бірге ВВС Дүниежүзілік қызметінің жаңалықтар бөлімінде жетекші қызметте болған.
Ол 1993 жылғы Мәскеудегі конституцияға байланысты дағдарысты, Шешенстан, Косово, Ауғанстан мен Ирактағы соғысты, Украина мен Грузиядағы төңкерісті және Беслан апатын жариялаған. Содан кейін Крис Еуропа қайта құру және даму банкі директорының коммуникация жөніндегі көмекшісі болып, видео және фото түсірілімдерге жауап берген. Кейін БАҚ қызметкерлерін оқытумен және контент жасаумен айналысатын жеке компаниясын ашқан.
Тақырып: Қиын жағдайға дайын болу: қаладағы кикілжің кезінде тиімді және қауіпсіз жұмыс істеу
- Диана Окремова – көп жылдық тәжірибесі бар журналист («Наша газета», «Взгляд»). Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша бітірген. «Құқықтық медиа орталық» – 2003 жылдан бері масс-медиа саласында жұмыс істеп келе жатқан, журналистерді оқытумен айналысатын қазақстандық үкіметтік емес ұйым. Осы уақыт ішінде ұйым құқықтық ортаны жақсарту және Қазақстан журналистерін қорғау бағытында жүзге жуық жоба, семинар, тренинг өткізген.
Тақырып: «Жаппай тәртіпсіздік, митинг пен қақтығыс кезінде ақпарат таратудың этикалық нормалары»
Іс-шара онлайн режимде ZOOM платформасында болады.
Сізді 2022 жылғы 22 ақпан күні, Алматы уақытымен 17.00-де күтеміз.
Zoom конференцияға қосылу үшін сілтемеге өтіңіз.
Конференция идентификаторы: 878 2047 4402
Кіру коды: 121783
Сұрағыңыз болса, 8-707-7000-439 нөміріне Ольга Настюковаға (жоба жетекшісі) хабарласуға болады.
***
Бұл вебинар Америка халқының көмегі арқасында Америка Құрама Штаттарының Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын «Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы» аясында дайындалды. «Қазақстандық Медиа Желі/KazMediaNetwork» ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты және ол ақпарат USAID, Америка Құрама Штаттары үкіметі немесе Internews пікіріне сай келмеуі мүмкін.