ДомойОқып-үйренӘлеуметтік желідегі медиа: #СелфиДляЛады. Сәтті байқау ұйымдастыру үлгісі

Әлеуметтік желідегі медиа: #СелфиДляЛады. Сәтті байқау ұйымдастыру үлгісі

Әлеуметтік желідегі медиа: #СелфиДляЛады. Сәтті байқау ұйымдастыру үлгісі

Әлеуметтік желілер — медиа жұмысындағы аса маңызды құралдардың бірі. Бұл — ақпарат көзі, аудитория тарту арнасы, қолданушылармен қарым-қатынас жасау алаңы.

Ақтау қаласындағы «Лада» газеті жаңа жыл алдында әлеуметтік желілерде ерекше байқау өткізді, оған тек медиа оқырмандары ғана емес, қалалық компаниялар да қатысты, ал кейбір республикалық бұқаралық ақпарат құралдары байқауды жаңалыққа да айналдырды.

Олжас Мырзағалиев, журналист, «Ладаның» веб-редакторы:

Жаңа жыл алдында фотобайқау ұйымдастыруды ұйғардық. Бір кездері біз байқаларды жиі өткізетін едік — газет бетінде де, сайтта да. Бірақ осы жолы біраз эксперимент жасап көрмек болдық — бұрын қолданушылар фотоларын біздің сайтқа салатын, енді біз олардан суреттерді өздерінің әлеуметтік желілердегі парақшаларына орналастыруды сұрадық.

Үш желі таңдап алынды – VK, FB және Instagram. Басты мақсат — біздің аккаунттарға жұрт назарын аудару болды. Айта кетейін, жазылушылар саны артқаны байқала қоймады, оған себеп — бұл байқау өткізілген әлеуметтік желілерде біздің жағдайымыз онсыз да жақсы болғаны шығар (VK – 67 мыңнан астам, Instagram – 8 мыңнан астам жазылушы). FB желісінде үш-ақ қатысушы болды. Бар-жоғы байқауға жүзге тарта сурет келіп түсті.

Есесіне, біз жақсы тәжірибе жинақтап, әр тараптан түрлі әсер алдық.

Сонымен, қатысушыларға берілген тапсырма — келе жатқан жыл иесімен — қой, ешкі, қошақанмен — селфи жасау болатын.

Әрине, ол тірі жануар болуы шарт емес еді. Алайда, бірнеше мысал келтіре кету үшін біз бір тілші мен фотографты мал базарына жібердік. Нәтижесінде қызықты фотолар пайда болды, оларға қолданушыларымыз да еліктеп, шын мәнінде ерінбей, тірі жануарлармен суретке түсу мүмкіндігін іздей бастады 😉

Әлеуметтік желідегі медиа

Фотосуреттер лайктар саны бойынша бағаланды, байқау шарттарын түгел жазып отырмас үшін, сілтеме ұсынамыз.

Сонымен қатар, біз жақсы сыйлықтар да әзірлеп қойдық — арнайы тапсырыспен жаңа IPad mini және екі IPod алдырдық.

Аудиторияның қызығушылығы

Аудиторияға байқау қалай әсер еткенін дөп басып айту қиын — біреулер бұл идеяны мазақ деп қабылдады, енді біреулер оң қабақ танытты.

Сайттағы қолданушылар арасында ең танымал болған қалжың — «Бастығыммен түскен суретімді жіберсем бола ма?».

Қиындықтар

Өтірік лайктар жинау — әлеуметтік желілердегі басты мәселелердің бірі. Жұрт бізді алдағысы келген жағдайлар да болды. Мысалы, елу ғана жазылушысы бар аккаунт мың лайк жинаған. Лайк басқандар арасында неге екенін, Мексика, Бразилия, басқа елдердің де тұрғынадары болды, олар үшін ақтаулық селфи байқауы қызықты болуы екіталай.

Біз мұндай жағдай боларын алдын ала болжап, байқауды екі кезеңге бөліп өткіздік — финалдық кезең біздің сайтта өтуі тиіс болатын, онда жағдайды бақылауда ұстап отырдық.

Нәтижесінде үш жеңімпазды таңдап алдық. Бесінші қаңтар күні редакцияға шақырып, сыйлықтарын тапсырдық.

31

Байқауды бірнеше компания өз қызметтерін ілгерілету үшін пайдаланғаны да қызықты. Мысалы, супермаркеттер желісі жаңа жыл алында бір дүкеннің алдында екі қошқар орналасқан фотоға түсу аймағын жасап қойды. Әлеуметтік желілерде олар «Лада үшін селфиге» түсуге осында келіңдер деп үндеу тастады.

image1

Ойыншықтар жасаумен айналысатын бір әйел өзі жасаған handmade-қошақандармен селфи жасауды ұсынған.
6-копия

Ағылшын тілін үйрететін орталық біздің байқауға қатысу үшін ермексаздан селфи жасаған.

52

  • Әлеуметтік желілерде байқауды қалай сәтті өткізуге болады? Медиа үшін кеңестер
  • Хештег туралы ұмытпаңыздар — біздің хештег #СелфиДляЛады болды.
  • Кері байланысқа мұқият болыңыздар — біз пікірлердің бәрін оқып шықтық, енді көктемгі байқауды ойластырып жатырмыз.
  • Байқауларыңызға көңіл-күй қосып, жұртты күлдіріп отырыңыздар — жарыстардың бәрі солай көңілді өтуі керек.
  • Сыйлықтарға сараң болмаңыздар! Жеңімпаздар риза болды, біз де оларға жақсы сый жасағанымызға қуандық.
Предыдущая статья
Следующая статья
Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР