Google-документы — медиа маманының жұмысына арналған ыңғайлы да оңай онлайн-құрал. Мәтіндерді бірлесе жазып, бірлесе өңдеу үшін бар керегі — Gmail аккаунты.
Жасалған документтерді кез келген құрылғыдан ашып, өңдеп, жөнелтіп, бұлтта сақтап қоюға болады.
Google Docs қолданушылары үшін түрлі қосымшалар мен сайттардың орнына пайдалануға болатын арнайы өзіндік қосымшалар жасалады. Олардың бәрі тегін және бірнеше секунд ішінде орнатылады.
Документтерге арналған қосымшалар
Мәтіндегі недәуір жиі кездесетін сөздерді бөліп көрсетудің бір тәсілі — тег бұлтын жасау. Ол үшін Google-документ Tag Cloud Generator қосымшасын ұсынады.
Терминді, не болмаса біреудің аты-жөнін бөтен тілде жазу керек пе? Easy Accents – мұнда көптеген тілдер мен қосымша таңбалар бар.
Add Reminders маңызды іс-шара, оқиғадан бір күн, бір апта не бір ай бұрын почтаңызға ескертпе жібереді.
Ал Social Drop көмегімен гугл-документтен шықпай-ақ өз твиттер аккаунтыңызды қадағалап отыра аласыз.
Lucidchart Diagrams – алуан түрлі диаграммалар мен карталар жинағы.
Кестелерге арналған қосымшалар
Онлайн ресурсқа байланысты аналитиканы қадағалап отыратын болсаңыз — Google Analytics қосымшасын міндетті түрде орнатыңыз. Сонда сараптаманың бәрі тікелей гугл-документте сақталып отырады.
Create QR Code – QR-код генерациялайтын қосымша.
Сілтемелерді қысқартуға арналған әмбебап қосымша — URL Shortener.
Поштамен жіберуге немесе әлеуметтік желілерде таратуға болатын электрон қолтаңба — Hello Sign.
Data Everywhere — деректерді сізге қажет форматта, мысалы, xls-те сақтайтын пайдалы құрал.