ДомойБайқау/ГранттарЖурналистерге арналған Германияда машықтану курсы

Журналистерге арналған Германияда машықтану курсы

Журналистерге арналған Германияда машықтану курсы

ТМД елдері, Украина, Литва, Латвия және Эстония журналистері Германиядағы бұқаралық ақпарат құралдарында машықтануға өтінім беруіне болады.

«Халықаралық журналистік бағдарламалар» (Internationale Journalisten-Programme/IJP) ұйымы журналистерді графиня Марион Денхофф стипендиясын алуға өтінім беруге шақырады. Екі айлық бағдарламаның мақсаты — халықаралық тақырыптарға маманданып жүрген жас журналистерге шетелден қосымша біліктілік арттыруға көмектесу.

Бағдарламаға бұқаралақ ақпарат құралдарының штаттағы да, штаттан тыс та 23 жастан 35 жасқа дейінгі қызметкерлері қатыса алады. Үміткерлер неміс тілін меңгерген болуы тиіс.

Бағдарлама 2015 жылғы қазан айында Германия немесе Шығыс Еуропаның бір қаласындағы төрт күндік кіріспе семинардан басталып, неміс редакциясындағы сегіз апталық машықтанумен жалғасады.

Бағдарламаға әрбір қатысушы жолақысын, медициналық сақтандыру және Германияда өмір сүру шығындарын өтеу үшін 3800 евро көлемінде шәкіртақы алады.

Өтінімдер 15 сәуірге дейін қабылданады. Қосымша ақпарат алу үшін мына сілтемемен өтіңіз.

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР