ДомойБайқау/ГранттарInternews ұйымы Қазақстан, Тәжікстан мен Өзбекстан авторларының еларалық жоба жасауына ашық байқау...

Internews ұйымы Қазақстан, Тәжікстан мен Өзбекстан авторларының еларалық жоба жасауына ашық байқау жариялады

Internews ұйымы Қазақстан, Тәжікстан мен Өзбекстан авторларының еларалық жоба жасауына ашық байқау жариялады

Қазақстан, Тәжікстан мен Өзбекстанның тәуелсіз авторларын 2024 жылғы маусымның басында Душанбеде өтетін үш күндік MediaLab-қа қатысуға шақырамыз. Лаборатория қорытындысы бойынша бір не екі үздік команда еларалық жобаларын іске асыруға 20 мың АҚШ долларынан 40 мың АҚШ долларына дейін грант алады. Бұл жобалар сенімсіз деректердің құрсауында қалған оқиғалар мен құбылыстар туралы сапалы контент жасайтын тәуелсіз авторлардың бір-бірімен аймақтық ынтымақтастығын дамытуға әсер етеді. Сондай-ақ, дискриминацияға ұшырайтын әлсіз топтарды да қамтып, олар туралы да айтады. 

MediaLab-қа қалай қатысады?

Біз еларалық командалардың өтінімдерін ғана қабылдаймыз. Үш ел: Қазақстан, Тәжікстан мен Өзбекстанның авторлары (Қырғызстанның мамандарын да шақыруға болады) өз бетінше команда жасақтап, болашақ жобаның идеясын ойластырып, Медиалабораторияға қатысуға өтінім бере алады. 

Командада 5 адам болуы және әр топ аймақтағы кемі 2 елдің өкілдерінен тұруы керек. Команда грант жеңіп алған жағдайда жобаны жасау процессіне жетекшілік ететін команда көшбасшысы/жетекшісі — тіркелген медианың өкілі болуы шарт. Жобаны жасауға 5-тен көп адам тартылуы мүмкін, алайда Лабораторияға ең көбі 5 негізгі адамнан жасақталған 3-4 команданы ғана шақыра аламыз.

Шығармашылық жұмыс тобын жасақтап, еларалық медиажобаның идеясы туындағаннан кейін MediaLab-қа қатысу үшін мына өтінімді толтырып, жіберу қажет. 

байқауға ӨТІНІМ беру

Өтінім қабылдау 2024 жылғы 19 сәуірде аяқталады. 

Өтінімді толтыру үшін 29 наурыз, Астана уақытымен сағат 14:00-де өтетін инфосессияға қатысуды ұсынамыз (мына сілтемеге өтіп, инфосессияға тіркелуге болады). Инфосессияда MediaLab-қа қатысудың техникалық шарттарын жан-жақты түсіндіріп, болашақ жобалардың тақырыбы мен форматын талқылаймыз. Сессия қатысушылары ұйымдастырушыларға кез келген сұрағын қоя алады. Инфосессия орыс тілінде өтеді. 

Лаборатория қай тілде өтеді?

MediaLab – халықаралық тренерлер қатысатын аймақтық іс-шара. Сондықтан жұмыс тілі – орыс тілі болады. Дегенмен Лаборатория қорытындысы бойынша грант алатын авторлар жобаның контентін Орталық Азия елдерінің ұлттық тілдерінде де, орыс тілінде де жасауына болады. 

Байқауға қандай идея ұсынуға болады?

Болашақ медиажобаның идеясына азық болар бірнеше тақырып бағытын ұсынып отырмыз. Бұған Орталық Азия аймағындағы маңызды ақпараттық мәселелер мен сын-қатерлерге негізделген, бірақ медиада аз қамтылып отырған тақырыптарды жатқызамыз. Атап айтсақ, мына бағыттарды қамтитын идея ұсынуға болады:

  • Гендерлік дезинформация / мисинформация;
  • Халықаралық оқиғалардың аймаққа ықпалы;
  • Өз кімдігін іздеу, түсіну және оны қалыптастыру;
  • Дезинформация және халық денсаулығы;
  • Орталық Азияның экологиялық проблемалары және климаттың өзгеруі. 

Кез келген форматтағы: журналистік зерттеу, мультимедиалы лоңрид, арнайы репортаж не репортаждар циклі, дата-жобалар, қысқаметражды деректі фильм, анимациялық фильм, уеб-сериал, видеосұхбаттар сериясы және т.б. жоба ұсына аласыз. Форматы айқындалмаған, мәселен, иммерсивті медиажобалар не жеке зерттеуіңіздің негізінде жасайтын медиажобалар ұсынуға да болады. 

МАҢЫЗДЫ! Біз ұсынып отырған тақырып бағыттарымен ғана шектеліп қалу шарт емес. Мұнымен шектелмей, идеяңызды ұсыныңыз. Ең бастысы, тақырыбыңыз аймақтық ауқымды қамтып, маңызды, көкейтесті, қызық әрі аудиторияға пайдалы болуы керек. Сіздің ойыңызша, сенімді ақпараты аз тақырыпта болса, сол тақырыптарды алсаңыз, дискриминацияға ұшырап жатқан әлсіз топтардың проблемасына назар аударсаңыз болады. 

Лабораторияға қатысу кезеңдері қандай?

Қатысушылар бірнеше кезеңнен өтеді:

  • Болашақ аймақтық жобаның идеясы мен форматын анықтау; 
  • Өз бетінше еларалық команда жасақтау, идеяларды талқылау және болашақ жобаның дизайнын дайындау; 
  • Инфосессияға қатысу; 
  • Командалық өтінім беру;
  • Байқау шарттарына сай келетінін бағамдайтын техникалық іріктеу;
  • Таңдалған командалар халықаралық сарапшылардың үш онлайн-трениңіне қатысады.. 

Онлайн-трениң қорытындысынан кейін командалар жобасын пысықтап, енді Лабораторияға қатысуға жаңартылған өтінім береді. Тәуелсіз қазылар алқасы Душанбеге шақырылатын үш-төрт үздік команданы таңдайды.

Лабораторияға жобасының дайын прототипі бар командалар ғана қатыса алатынын ескеріңіз. Жобаның прототипі қай шамада болуы керек екенін 29 наурыз,  сағат 14:00-де өтетін инфосессияда айтамыз. 

МАҢЫЗДЫ! Осы кезеңнен кейін команданың құрамы бекітіледі және өзгертуге болмайды. 

Грант байқауы қалай өтеді?

Командалар үш күндік Лаборатория кезінде халықаралық және жергілікті сарапшылармен бірге медиажобасының прототипін толықтырып, жетілдіреді. Содан кейін оларға жобасына өзгеріс енгізуге қосымша уақыт береді. Сосын олар өтінімін жаңартып, қорытынды грант байқауына жібереді. Орталық Азияның үш елінен шыққан медиасарапшылардан жасақталған тәуелсіз қазылар алқасы бір не екі үздік жобаны таңдайды. Таңдалған үздік жоба(лар) авторлары идеясын іске асыруға грант алады және оларға халықаралық сарапшы-продюсерлер тәлімгер болады.   

MediaLab-қа қатысуға өтінім берген барлық командаларға 2024 жылғы 22 сәуірден кешіктірмей жауап береді. 

Аймақтық Лаборатория USAID қаржыландырып, Internews жүзеге асыратын «Орталық Азияның ақпарат тұтастығын дамытуға ықпал ету (CAIIA)» бағдарламасының бөлігі саналады.


Бұл Лаборатория Америка халқының АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы жасаған қолдауы аясында жүзеге асып отыр. Мазмұнына Internews жауапты және мазмұны USAID не АҚШ үкіметінің көзқарасымен сай келмеуі мүмкін.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР