ДомойБайқау/Гранттар«Медиаэтика» пәнін оқыту әдістемесі» деген тақырыпта тренерлерге арналған трениң өтеді

«Медиаэтика» пәнін оқыту әдістемесі» деген тақырыпта тренерлерге арналған трениң өтеді

«Медиаэтика» пәнін оқыту әдістемесі» деген тақырыпта тренерлерге арналған трениң өтеді

KazMediaNetwork қоғамдық бірлестігі 16-20 тамызда «”Медиаэтика» пәнін оқыту әдістемесі» деген тақырып бойынша тренерлерге арналған трениң өткізеді. Онлайн трениңге Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан мен Тәжікстандағы университеттердің журналистика оқытушылары қатыса алады. 

Трениң бағдарламасында: курсты әзірлеудің теориялық негіздері, материалды пысықтаудың түрлі тәсілдері, басқа елдердегі медиаэтика оқыту тәжірибесімен танысу және курсты (немесе жеке модульдерін) жасау бойынша практикалық жұмыстар бар. 

Тренинг мақсаты мен міндеттері: 

  • Медиаэтика пәнінің даму тарихын түсіндіру, түрлі елдердегі осы пәнді оқыту тәжірибесін салыстыру; оқытудың жаңа әдісі — интерактив лекция/трениңтің мәні мен ерекшелігі;
  • интерактив лекция/трениңтің ЖОО-дағы дәстүрлі оқыту әдістерінен: лекциялар, семинарлар, практикалық/жеке сабақтардан айырмашылығын білу;
  • Ересектерді оқытудың ерекшелігін көрсету және оқытушыларды «Медиаэтика» курсын студенттерге интерактив әрі тартымды етіп оқытуға ынталандыру; 
  • «Медиаэтика» курсын оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін талдау;
  • Онлайн трениңге қатысушылармен бірге «Медиаэтика» курсын оқыту бағдарламасының құрылымын жасау және сценарийін дайындау;
  • Трениң қатысушыларына Padlet, Jamboard, Kahoot, wordwall, Educaplay, LearningApps. org, Renderforest және т. б. сияқты онлайн оқыту құралдарын таныстыру, осы платформаларды пайдалануды үйрету;
  • Трениңте іскерлік ойындар, брейнстормиң, фасилитация/модерация әдістері мен тағы басқа іс-әрекеттерді кәсіби пайдалану машығын қалыптастыру;
  • «Қазақстандағы медианың негізгі принциптері» құжатын мысалға ала отырып, «Медиаэтика» курсының ұсынылып отырған әдістемесін көрсету. 

Бас тренер: Татьяна Иванова (Украина), әдіскер, профессор.

Қашан болады: 2022 жылғы 16-20 тамызда кешкісін сағат 18:00 мен 20:00 аралығында Zoom-да өтеді. Қатысуға арналған сілтемені тіркелгеннен кейін жібереді. 

Қалай қатысады: трениң қазақ және орыс тілдерінде өтеді. Қатысу үшін онлайн өтінішті толтырып, тіркелу керек. Өтініштер 15 тамыз, сағат 24:00-ге дейін қабылданады.

Қосымша сұрақтарыңыз болса, media.principles.kz@gmail.com эл.поштасына хат жаза аласыз.

Бұл тренинг америка халқының АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы көрсеткен көмегі арқасында мүмкін болды және USAID қаржылай қолдауымен Internews жүзеге асыратын Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында дайындалды. Мазмұнына «Қазақстандық Медиа желі/KazMediaNetwork» жауапты және мазмұны USAID, АҚШ үкіметі немесе Internews көзқарасына сай келмеуі мүмкін.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР