ДомойМедиа үніМедиаконтентті әлеуметтік желілерде ілгерілету

Медиаконтентті әлеуметтік желілерде ілгерілету

Медиаконтентті әлеуметтік желілерде ілгерілету

Медиа маманы, тренер, онлайн курстар продюсері, «Теплица социальных инноваций» жобасының редакторы Олег Ганттың вебинары әлеуметтік желілерде медиаконтентті ілгерілету тақырыбына арналды.

Әлеуметтік желілер — жай ғана сурет алмасып, жұрттың статустарын оқып отыратын орын емес. Бұл — үлкен аудитория, компания имиджін қалыптастырудың қуатты құралы, тақырыптар мен идеялардың қайнар көзі.

Сондықтан да, Олегтің айтуынша, әлеуметтік желідегі аккаунттарды фрилансерге немесе студенттерге сеніп тапсыруға болмайды. Сіздің фэйсбук, ВКонтакте немесе твиттердегі аудиторияңызбен байланыс жасайтын адам команданың бір бөлшегі болуы, сіз не істеп жүргеніңізді, кім үшін істеп жүргеніңзді түсінетін адам болуы тиіс.

Әлеуметтік желіде контент ілгерілету стратегиясы әр редакцияның өзінде бөлек болуы тиіс. Бір медиаға қатысты стратегия басқасында жұмыс істемеуі мүмкін.

Табысты ілгерілетудің 4 құпиясы:

  • Твиттерге қоса берілетін суреттер ретвит санын 150% арттырады.
  • Контентті күніне бірнеше рет бөлісіңіз. Твиттер, фэйсбук, Вконтактеда жарияланған мақаланы бірден бәрі көреді деп сенбеңіз.
  • Әр әлеуметтік желінің өз тәсілі бар. Сондықтан контентті бейімдеп, оңтайландырып отыру керек.
  • Жарияланым кестесін жасаңыз. Діл сіздің материалыңызды оқитын аудитория желіде отырған кезді пайдаланып қалуға тырысыңыз!

Әлеуметтік желіде ілгерілету үшін ақша төлеуге бола ма, ол керек пе?
Олег иә дейді. Пайдаланушылар контентті көріп, оның таралуы үшін кейде ақылы жарнаманы пайдаланудың артықтығы жоқ.

Әлеуметтік желілерді басқаруға арналған құралдар
Хабарламаларды бір күн, апта тіпті ай алдын жоспарлап қоюға болады, ол үшін түрлі онлайн-сервистер бар (тегін де, ақылы да). Аталған құралдардың функционалы алуан түрлі, өзіңізге лайығын табу үшін бірнешеуін байқап көріңіз.

Twitter, Facebook, Google+

Bufferapp.com

баффер

Hootsuite.com

хутсют

Buzzlike.pro

баззлайк

Instagram
Iconosquare.com

айконскуэр

Theflowapp.com

зефлоуапп

Жақсы хештег іздеу

Hashtagify.me

хещтегифай

Сараптама
Chartbeat.com

чартбит

Twitter
Followerwonk.com

фоллоуеруонк

Socialbro.com

Topsy.com

топси

Facebook
Edgerankchecker

Келесі тегін вебинар екі аптадан кейін өтеді және тайм-лайн жасау тақырыбына арналады. Толығырақ қосымша хабарлаймыз.

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР