ДомойБайқау/Гранттар7kun.kz сайты журналистика факультеттері студенттері арасында байқау жариялады

7kun.kz сайты журналистика факультеттері студенттері арасында байқау жариялады

7kun.kz сайты журналистика факультеттері студенттері арасында байқау жариялады

7kun.kz сайты мен «Іскерлік журналистика мектебі» журналистика факультеттері студенттері арасында байқау жариялайды.

Байқау қаржы, экономика тақырыбында жазатын жас журналистер тобын қалыптастыру, оларды қолдау мақсатында өткізіледі.

Байқау шарттары: Қаржы, экономика және тағы басқа іскерлік тақырыптардағы қазақ тіліндегі шығармашылық жұмыстар қабылданады.

Қазақстандық жоғары оқу орындарындағы журналистика факультеттерінің студенттері қатыса алады.

Үміткерлер материалдардың сайттағы немесе жеке блогтағы, әлеуметтік желідегі сілтемесін ұйымдастырушыларға автордың аты-жөні, толық байланыс деректерін көрсете отырып жіберуі тиіс.

Байқау талаптары: Белгіленген тақырыпқа сәйкес болуы, фактілердің дұрыстығы және олардың дәл берілуі, талдау тереңдігі мен проблеманың ашылуы, авторлық ұстанымы.

Жарияланымдардың жанрына шек қойылмайды. Қатысушылардың сұхбат, мақала, сараптама және инфографика, аудио, видео түріндегі материалдары 7kun.kz сайтындағы «Байқау» айдарында жарияланады. Сайтқа жарияланған мақалалардың астындағы пікірлер мен әлеуметтік желілердегі ұнатушылар саны мен пікірлер жеңімпаздарды анықтау кезінде ескеріледі.

Жеңімпаздар құрамына іскер журналистика өкілдері мен танымал блогерлер кіретін қазылар алқасының бағалауымен анықталады.

І, ІІ, ІІІ орын алған жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Үміткерлер материал сілтемелерін info@7kun.kz электронды мекенжайына немесе төмендегі форма толтыру арқылы «Байқауға» деген белгімен 2015 жылдың 15 наурызына дейін жіберуі қажет.

Байқау қорытындысы наурыз айының 22 Наурыз мерекесінің қарсаңында жарияланып, жеңімпаздар марапатталады.

Қосымша ақпаратты +7 707 490 17 67 арқылы немесе 7kun.kz сайтының әлеуметтік желілеріндегі парақшаларынан алуға болады.

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР