ДомойМедиа үніТегін кәсіби сурет пен фото табуға болатын 10 ресурс

Тегін кәсіби сурет пен фото табуға болатын 10 ресурс

Тегін кәсіби сурет пен фото табуға болатын 10 ресурс

Визуал контенттің маңызды екеніне дау жоқ. Алайда, өз мақсаттарыңыз үшін еркін пайдалануға болатын сапалы кескін, сурет, фотоны қайдан алуға болады? Біз ұсынып отырған топтамадан өз жобаларыңызда еркін пайдалануға болатын суреттер таба аласыздар.

Алдымен, қандай суреттерді тегін пайдалануға болатынын еске түсіріп алайық. Соңғы отыз жылда түсірілген суреттердің көбісі авторлық құқықпен қорғалған, оған автордың ғана эксклюзив құқығы бар. Алайда, сонымен қатар Creative Commons және Public Domain лицензиялы суреттер де бар. Ол лицензиялар несімен ерекшеленеді?

Creative Commons деген не?

Creative Commons – цифрлік контентті еркін пайдаланып, таратуға мүмкіндік беретін коммерциялық емес ұйым. Лицензиялардың бірнеше түрі бар, олардың барлығына ортағы — контентті өз мақсатыңызға пайдалану үшін материалдың авторы мен алғаш жарияланған жерін көрсету қажеттігі.

Public Domain деген не?

Public Domain ағылшын тілінен аударғанда «қоғам игілігі» дегенді білдіреді. Мұндай лицензияға авторлық құқық мерзімі өткен материалдар, сондай-ақ авторлық құқығы тәркіленген немесе жарамсыз материалдар жатады. Бірақ, Интернеттен табылған материалдың бәрін әрқашан еркін пайдалана беруге болады деген сөз емес.

Сондықтан, тегін суреттерді пайдаланар алдында мыналарды ескеріңіз:

  • суреттің авторы бар;
  • мүмкіндігінше суреттің авторы кім екенін көрсетіп отыруға тырысыңыз;
    суретті өзгертуге бола ма, әлде тек түпнұсқасын қолдануға рұқсат па екенін білу үшін оған қатысты лицензияны мұқият оқыңыз.

1. Dreamstime

1

Dreamstime тегін суреттер жарияланған, үнемі жаңарып отыратын бөлім ұсынады. Суретті көшіріп алу үшін тіркелу қажет.

2. Free Photos Bank

2

Free Photos Bank жүйеге кірмей-ақ көшіріп алуға болатын тегін суреттер жинағы. Іздеу оңайырақ болу үшін фотолар санаттарға бөлінген.

3. IM Free

3

IM Free коммерциялық мақсаттарға да пайдалануға болатын тегін материалдар жинағын ұсынады. Кілт сөз бойынша немесе бөлімдерден іздеуге болады.

4. Rgbstock

4

Rgbstock – бұл акцияның тегін сайты, фотографтар мен дизайнерлер жасаған образ. Тегін тіркеліп, таңдаған суреттерді көшіріп алуға болады.

5. BigFoto

5

BigFoto — фотографиялардың көбін әуесқой фотографтар ұсынатын фотогалерея. Көшіру үшін тіркелу қажет емес және фотолардың бәрі географиялық сипаты бойынша топтастырылған.

6. Gratisography

6

Gratisography — жеке және коммерциялық мақсатта пайдалануға арналған жоғары сапалы тегін суреттер жинағы. Жаңа фотолар апта сайын қосылып отырады. Көшіріп алу үшін фотоның үстін басса жеткілікті.

7. Death to The Stock Photo

7

Death to The Stock Photo – жазылып қойсаңыз, сапалы тегін суреттер сізге уақытылы жолданып тұрады.

8. Little Visuals

8

Little Visuals – жазылып қойсаңыз, аптасына бір рет электронды почтаңызға жоғары сапалы жеті сурет келіп тұрады.

9. Pickupimage

9

Pickupimage – коммерциялық мақсаттарға да пайдалануға болатын тегін суреттер коллекциясы. Фотолардың басым бөлігі табиғат тақырыбында. Көшіру үшін тіркелу қажет емес.

10. Superfamous

10

Superfamous – дизайнер Folkert Gorter-дің жұмыстары, Creative Commons Attribution 3.0. лицензиясымен таралады.

Материал te-st.ru сайтында Creative Commons Attribution 3.0. лицензиясымен жарияланған.

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР