Контект әсіресе маңызды болатын материал әзірлеу үшін Fold онлайн-платформасын қолдануға болады.
Бұл құрал әңгімені «контекстілі карталармен» толықтыруға мүмкіндік береді — негізгі мәтін үзілмейді, бірақ оқырман экранның оң жағында қалқып шығып отыратын модульдерді, фото, видео, карта, твиттер, гиф-анимацияларды көреді.
Нәтижесінде оқиғаның басты желісі әрқайсысы өз алдына бөлек материал болуға лайық мультимедиалық қосымшалармен толығады.
Платформа тегін, орыс тілінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Оны қолдану үшін тіркелу немесе твиттер-аккаунт арқылы кіру керек.
Дизайны қарапайым – сіз өз материалыңыздың негізгі кескінін ауыстыруыңызға болады. Содан кейін жобаға ат қойып, құрастыруға көшеміз.
Көріп отырғандарыңыздай, қолжетімді мультимедиалық форматтар көп. Оның үстіне, өз ресурстарыңызды пайдаланып қана қоймай, кілтсөздер бойынша видео, фото, басқа да материалдар іздеуіңізге болады.
«Контекстілі карталар» не оң жақтағы «+» таңбасын басу арқылы қосылады да, содан кейін негізгі мәтіндегі қажетті сөзбен/терминмен байланыстырылады. Не болмаса, кейіннен, дайын негізгі материалдағы қажетті сөзді/терминді бөліп алғаннан соң жасалады.
Дайын жобаны твиттерде немесе фейсбукта бөлісуге болады. Платформаның басты кемшілігі — дайын шежірелерді тек сілтеме арқылы тарату мүмкіндігі. Сайтқа орнату коды жоқ.
Әйтсе де, құрал шағын модульдік арнайы жобалар жасауға арналған тағы бір формат ретінде медиа үшін пайдалы болмақ.