ДомойОқып-үйренCreative Commons ұйымы тегін фотосурет алмасуға арналған The List мобиль қосымшасын іске...

Creative Commons ұйымы тегін фотосурет алмасуға арналған The List мобиль қосымшасын іске қосты

Creative Commons ұйымы тегін фотосурет алмасуға арналған The List мобиль қосымшасын іске қосты

Creative Commons — заңды түрде контент алмасып, авторлар арасындағы серіктестікті нығайтуға көмектесетін коммерциялық емес ұйым. Өз туындыларын жариялау үшін немесе өзгелердің туындыларын пайдалану мақсатында әр адам көпшілікке арналған CC лицензияларын қолдана алады .

Creative Commons әзірлеген жаңа қосымша «шежіресін баяндап, өзгелерді тәрбиелеу үшін фотосуреттерді қажет ететін үкіметтік емес ұйымдар, журналистер, мемлекеттік мекемелер, мәдениет мекемелеріне арналған».

«Алайда, әркім қажет кезде қажет орында бола алуға мүмкіндігі бола бермейді», — дейді қосымшаны әзірлеушілер. Сондай қажетті көрнекіліктердің қайнар көзі де осы The List қосымшасы болмақ.

1233

Қосымшаны пайдалану оңай – ұйымдар фотосуретін алғысы келетін орындар, мекендер, адамдар мен оқиғалардың тізімін көрсетеді. Ал сондай фотосуреттерді ұсынуға мүмкіндігі бар қолданушылар оларды тиісті белгі сала отырып жүйеге жүктейді.

Фотосуреттерді кез келген адам тегін пайдалана алады. Мобиль технологияларды белсенді қолданатын журналистер үшін The List шын мәнінде жұмысқа пайдасы тиетін құралға айналуы мүмкін.

Ал жаңа бастап жүрген фотографтар үшін The List қосымшасын пайдалану өз мүмкіндіктерін көрсетіп, кең аудиторияға танылуға жақсы мүмкіндік болмақ.

The List Android негізді құрылғылар үшін қолжетімді. Орнату ақпараты.

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР