ДомойМедиа үніData-журналистика жөнінде 12 кеңес

Data-журналистика жөнінде 12 кеңес

Data-журналистика жөнінде 12 кеңес

Global Investigative Journalism Network — тергеу журналистикасы ғаламдық желісінің сайтында жарияланған  материал.

Авторлары: Нилс Мулвад және Хелена Бенгтссон

GIJN тергеу журналистикасы ғаламдық желісінің негізін қалаушылардың бірі және кеңес мүшесі Нилс Мулвад пен The Guardian деректер жобасы жөніндегі тобының редакторы Хелена Бенгтссон журналистер материал әзірлеуді деректерді қалай қолдануы керек екені жөнінде 12 кеңес айтты. Бұл кеңестер 2015 жылы Гамбургте өткен неміс Тергеу журналистикасы ассоциациясының конференциясында айтылды. 

1. Шағын жобалардан және Excel-ден бастаңыздар

Дата-журналистикада қате кету қаупі жоғары. Өзіңіз пайдалана алатын деректер мен құралдардан бастаңыз. Дата-журналистикадағы жұмыстардың 90% Excel-де жасалады. Бұл бағдарлама деректерді импорттау және экспорттау, оларды тазарту, іріктеу және құрамын қалыптастыру жөніндегі негізгі амалдарға жауап береді. Бұл — деректерді өзге құралдарға импорттау алдындағы басты құрал.

2. Журналистік құралдарды зерттеңіз 

Журналист есептеуге арналған құралдардың жұмыс істеу принципін түсінуі үшін, әдетте екінші мұғалім-журналист керек. Көбінесе нақты бір функцияларды журналистік міндет-мақсатпен үйлестіру керек болып жатады.

3. Қате бар жоғын тексеріңіз, тексеріңіз, тексеріңіз 

Деректерде қашан да қате болады. Тіпті олар сенімді дерек көздерінен келіп түссе де. Деректерді аудиторияға ұсынбас бұрын қатеден арылту — сіздің жауапкершілігіңізде. Қорытынды соманы есептеп, әлдене қалып қоймағанын тексеріп отырыңыз.

4. Деректермен жүргізіп жатқан жұмысыңызды хатқа түсіріп отырыңыз 

Өзгелер де бәрін тексеріп көріп, тура солай жасай алуы үшін, өзіңіз не істегеніңізді әр қадамын қалдырмай сипаттап отырыңыз. Әдетте, деректермен қалай жұмыс істегеніңізді жариялар алдында жұртпен бөлісуге болады. Бұл қателеріңізді тексеріп, әдістеріңізді келісіп отыру үшін керек, сондай-ақ, жұмысыңыздың мазмұнын талқылау орнына әдістеріңізге сын айтудың алдын алуға мүмкіндік.

5. Қателерді дерек көзімен қатынас орнату үшін пайдаланыңыз 

Деректерден қате тапқаныңызда оларды билік органдарындағы немесе деректерді ұсынатын ұйымдардағы деректер үшін жауап беретін адамдармен араңыздағы қатынасты жақсарту үшін пайдаланыңыз.

6. Деректерді алыңыз

Деректерді жай ғана сұрап алуға болады, оларды сізге почта арқылы жібереді. Не болмаса, желіден көшіріп, басқа да материалдардан тауып бөлшектеп алуға болады.

7. Деректерді сараптаңыз – шежіре құруға ұмтылыңыз

Әдетте деректер журналистикасы – дерегі көп, журналистикасы аз шаруа. Шежіре құруға мүмкіндік болмаса, материалды жарияламаңыз. Шежірелерді тауып, оларды бірінен кейін бірін баяндаңыз. Интерактив графиканы пайдаланудың да ережесі осы.

Бүкіл материалды әр график немесе карта үшін бір-бір нақты шежіре бойынша бөліктерге бөліңіз. Сөйтіп, оларды түсінуге болатындай етіп баяндаңыз. Дүниенің бәрін тым көп көзқарас тұрғысы берілетін лонгридтерге салып араластырмаңыз.

8. Шежіре деген не – экстримдерді пайдаланыңыз

Деректерден оқиғаны қалай шығаруға болатынын қайта-қайта ойланыңыз, содан кейін барып шынайылығын тексеріңіз. Шежіре жазудың ең жақсы тәсілі — деректер экстримін пайдалану. Қателерді тауып, шындықты түсіндіру үшін ең жақсы құралдардың бірі ретінде деңгейлеу жүйесін пайдаланыңыз. Журналистика дегеніміз осы.

9. Деректер журналистикасы кейде шежіреден, кейде деректерден басталады 

Көптеген журналистер әрдайым шежіреден бастап, содан кейін оның айналасын деректермен толтыру керек деп ойлайды. Алайда, деректер журналистикасымен тек бір қағида бойынша ғана айналысуға себеп жоқ. Кей кездері жақсы деректер жиынтығы бар, оқиға да айқын болады. Ал кей жағдайда болуы мүмкін оқиғаларды көріп, олардың дұрыстығын тексеру үшін деректерге тереңдей енуге тура келеді.

10. Деректерді тазартумен өз бетіңізше айналысыңыз 

Деректер жоқ кезде өз деректер жиынтығыңыздың құрылымын реттеу арқылы ғана керемет оқиға түзіп шығуға болады. Деректерге шолу жасау сондай-ақ материалды, шежіре мен қателерді сезінуге мүмкіндік береді. Қиын бөлігін зерттеушілердің үлесіне қалдырмаңыз. Деректерді жақсы көру керек.

11. Сандардан құтылыңыз

Деректер журналистикасы көбінесе адамдар жайлы айтады. Сандардан құтылып, қолыңыздағы деректердің бейнесі бола алатын адамдарды табыңыз. Шын мәнінде, кей кездері сандардың жоқ болуы — деректер журналистикасында шежіре жасаудың ең жақсы тәсілі. Содан кейін тек деректерді графикаға енгізе салуға болады. Немесе кейінге қалдырыңыз. Сіз жасаған қорытындыларды түсіндіре алатын адамдарды таба алмасаңыз, олар қате болып шығуы мүмкін.

12. Жұмысты бірлесе, бөлісе отырып жүргізіңіз

Деректер журналистикасымен айналысатындар әдетте өзара материал бөліседі. Бұл — құралдар мен әдістердің дамуына ілесіп отырудың жалғыз тәсілі. Журналистиканың басқа салаларына қарағанда, мұндай алмасу деректер журналистикасына көбірек тән.

 

Қазақстан Республикасындағы ашық деректер ресурстары

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР