ДомойМедиа үніФактілерді қалай тексеру керек - журналистерге кеңес

Фактілерді қалай тексеру керек — журналистерге кеңес

Фактілерді қалай тексеру керек — журналистерге кеңес

David Brewer, Media Helping Media

Журналистика дегеніміз – фактілерді табу, олардың маңыздылығын анықтау, содан кейін сол ақпаратты аудиторияға жеткізу.

Журналистердің істейтіні де осы: ақпаратты табады, тексереді, өңдеп жақсартады, содан кейін таратады.

Айтуға оңай, алайда біз қауіпті материалмен істес боламыз. Байқап ұстамасақ, өзіміз тауып, ашып, зерттеп, жұртшылық назарына ұсынатын фактілеріміз түсініспеушілікке әкеп соқтырып, зиян келтіріп, тіпті тарихты басқаша бұрып жіберуі де мүмкін.

Міне, сондықтан да журналистика үшін фактілерді тереңнен тексеру маңызды. Бұл — фактілерді өсек пен қауесеттен ажырату процесі.

Төменде жұртты ақпаратпен қамтамасыз етуде тиімді роль атқаруға ниетті журналистердің бәрі ұстанғысы келетін ережелер келтірілген.

1. Фактілерді тексерумен жеткілікті қорғалғансыз ба? 

Фактілерді нақты тексеру жолындағы алғашқы кедергі сіз өзіңіз болуыңыз мүмкін.

Сіз айтып отырған тақырыпқа жеке қызығушылығыңыз бар ма (әдепкі журналистік қызығушылықтан бөлек)?

Жағдайды зерттеу кезінде растағыңыз келетін нәтижені назарыңызда ұстайсыз ба?

Фактілерді өз ойыңызда жасап алған идеяға лайықтап өзгертуге тырыспайсыз ба?

Олай болса, сіз баяндап отырған оқиғаның объективтігіне қауіп төнеді және сізге фактілерді ұстану қиынға түседі.

Әрине, жүрегіңізге жақын тақырып қашан да табылады, алайда, сіз оған жұмысыңызға ықпал етуге мүмкіндік бермеуге тиіссіз.

2. Екі сенімді ақпарат көзі ережесі 

Көптеген бұқаралық ақпарат құралдары фактілердің барлығы кем дегенде екі сенімді дерек көзімен расталуы тиіс деген ережені ұстанады. Көбінесе, интернеттен не телефон арқылы алынған ақпарат бір дерек көзі ретінде есептеледі.

Яғни, журналист ақпаратты жаздырып, растауға келісетін басқа дерек көзін табуы тиіс. Асылында, сіз бұл дерек көзін табылған ақпаратты растау үшін пайдалануыңыз керек.

Кей кездері заңнамалық себептер, жеке өмірге қол сұғуға тиым немесе ықтимал қауіп салдарынан дерек көздерін ашып атамау ұсынылады. Мұндай жағдайларда сіз дерек көзіңіз сенімге лайық екеніне толық көз жеткізуіңіз тиіс.

Сіз өз редакторыңызды дерек көзі заңды және ол беретін ақпарат рас екеніне сендіре алатындай болуыңыз керек.

3.Интернеттен, телефон арқылы алынған жаңалықтарға сенбеңіз, олар жалған болуы мүмкін  

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары интернеттен алынған ақпаратты көшіріп жариялай береді. Онда тұрған ештеңе жоқ, БАҚ электрон медиа үшін көп ақша төлейді және оларды пайдалана алуы тиіс.

Сөйте тұра, желіден алынған ақпарат қате болып шықса, оны жоққа шығарып тағы басқа материалдар жариялау керек болады.

Тексерілмеген ақпаратты көшіріп жариялай салғаныңыз үшін аудитория алдында кешірім сұрағыңыз келмейтін шығар.

Олай жасауға мәжбүр болсаңыз, аудиторияңызды ұятқа қалдырып, бұған дейін сізге тексерілген және рас ақпарат іздеп жүгінетіндер алдында өз басылымыңыздың  беделін де, өз журналистік абыройыңызды да түсіресіз.

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР