ДомойМедиа үніИнфографика: не? қалай?

Инфографика: не? қалай?

Инфографика: не? қалай?

Инфографика форматы бүгінде онлайн медиада көп қолданылады. Алайда, шын мәнінде сапалы инографика жасау үшін, форматпен жұмыс істеу ерекшеліктерін білу керек.

Қарапайым болсын, күрделі болсын, кез келген  инфографика жасау — майда детальдармен — ақпарат жинаудан бастап деректерді визуалдауға дейін — жұмыс істеу деген сөз.

Сіздің сайтыңызға бұл не үшін керек? Күрделі тақырыпты қызық та қарапайым етіп әдемі, түсінікті суретпен айтып беру әрқашан тиімді болады. Оның үстіне, тым болмаса, айына бір рет осындай инфографикалық тосын сый ұсынып отырсаңыз, оқырмандарыңыз келесісі қашан болады екен деп күтіп жүреді (әрине, дұрыс та сапалы жасалған болса).

Инфографика жасау — командалық жұмыс. Оған редактор, журналист, дизайнер қатысады. Инфографика неғұрлым күрделі болса, команда да соғұрлым үлкен болуы тиіс.

Сондықтан, сайтыңызда инфографика жасағыңыз келсе, алдымен журналистпен және дизайнермен ақылдасыңыз. Дизайнердің қатысуы міндетті! Ол инфографика жасау үшін қандай ақпарат керек екенін және журналист қандай деректерді табуы тиіс екенін айтады. Сондай-ақ, о бастан дизайнер жұмыстың басы-қасында жүрсе, қажет ақпарат жиналып болғанға дейін графиканың жартысы дайын тұруы мүмкін, бұл уақытты үнемдейді.

Енді инфографиканың өзі туралы ретімен айтайық: жасау, көп кездесетін қателер + пайдалы кеңестер.

1. Құрастыру:  Инфографиканың өзегі болуы тиіс. Бүкіл ақпарат соның айналасында орналасады. Маңыздысынан бастап, қосымша ақпаратқа дейін — бәрі  қисынды, түсінікті, бірізді болуына мән беріңіз. Артығының бәрін алып тастаңыз. Түсіндірмелердің бәрін детальдардың жанына жазыңыз, орын аз болса — көрсеткіш сызықшамен бағыт сілтеңіз.

2. Ең маңыздысы — инфографикада өтірік айтуға болмайды! Бәрі тексерілген, нақты болуы тиіс. Сондай-ақ, масштабтарды ұстануға тырысыңыз. Бұл да маңызды.

3. Суретпен жұмыс істеу

Инфографика жасаған кезде, мүмкіндігінше суретті торға салуға тырысыңыз. Асимметриялы, қисық орналасқан детальдар бәрін құртады.

Бірдей өлшемді көлденең және тік блоктардан аулақ жүріңіз. Бұл көрер көзге ауыр әрі сүйкімсіз.

Орын үнемдеңіз. Суретке қатысты мәтінді тура өзінің үстіне жазу мүмкін болса, соның үстіне-ақ жазып, ешқандай арнайы сызық сызудың қажеті жоқ. Оның үстіне, бұл орын да босатып, суреттің өзінің графикалық сүйкімділігін арттырады.

Бос кеңістік қалдыру-қалдырмауға қатысты.  Инфографикадағы бос орын аз-көп болуы суреттің мақсатына байланысты.  Сонда да, инфографикада бос орын қалғаны жаман емес. Оларды мәтінмен толтыруға болады. Сондықтан, орын үнемдеңіз.

Майда детальдармен жұмыс істегенде, олардың түсінікті болуына назар аударыңыз. Олардың кейбірін үлкейткенде ақпарат та, суреттің өзі де жақсырақ көрінуі мүмкін. Қай жағына мән беру керек екенін де осы жерде байқай аласыз.

Стилистиканы ұстаныңыз. Бір стиль, түстер, шрифтерді таңдағанда оған басқа дүние араластырудың қажеті жоқ. Талғамсыз инфографикадан жаманы жоқ.

Түстерге абай болыңыз. Палитрадағы стандарт түстерді қолдану дұрыс емес. Ерекше түстерді іздеңіз, қызыл, көк, көгілдір түстердің басқа реңктерін қолданыңыз. Түсті ойнатыңыз.

Инфографикадағы бір деталь күмән тудырып, оның не үшін қажет екенін нақты айта алмасаңыз — алып тастай салыңыз. 

Инфографикадағы фото. Инфографика жасау үшін фотосуреттерді де пайдалануға болады. Фотосуреттер графика элементі де (қандай оқиға болғанын нақты, көрнекі көрсететін деректі суреттер),  суреттегі  «не? кім? қайда? не үшін?» деген сұрақтарға жауап беретін орталық фигура да болуы мүмкін. 

Көп кездесетін қателер:

1. Мекен картасы мен ерекше стильде жасалған суреттердің кесірінен қарапайым ақпарат күрделі сызбада көрсетіледі.

2. Стандарт форматқа салғанда недәуір түсінікті көрінетін графиктер суреттің кесірінен ауырлап кетеді.

3. Графиктерді қисайту. Қарапайымдарының орнына 3D графика салу — «түсінікті болуын құрбан етіп әдемі жасау».

4. Өлшемдерді қате, түсініксіз етіп қолдану.

5. Кей кездері, адамдарды салыстырғанда дизайнер адамдардың санын арттыру орнына, бір суретті ұлғайтады — бұл тек деректерді бұрмалауға алып келеді.

6. 100% қатынасын көрсету керек қарапайым графиктерді үлкен шаршыны майда шаршыға бөлу арқылы көрсетуге болады. Мұнда әр шаршы бір процентке тең болады. Қазір көп қолданылатын пай-чарттарға (дөңгелек диаграмма) жақсы балама.

Өзіңіз жаңа әлдене жасап, жаңа схемалар мен форматтарды байқап көру үшін, өзгелер не жасап жүргенін үнемі қадағалап отыру керек. Инфографика суретшілері отыратын топтарға жазылып, альбомдарын қарап, солай істеп көруге болады (мысалы, Flickr сайтындағы Grupo para infografistas brasileiros   немесе Pinterest-тегі  Infographic парақшасы).

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР