2015 жылғы қазанның аяғында твиттер жаңа функциясын таныстырды. Енді онда сауалнама жүргізуге болады. Твит-анкета жариялағаннан кейін 24 сағат ішінде қолжетімді болады және екі нұсқаның бірін таңдауға мүмкіндік береді.
Медиа мамандары жаңа құралды қандай мақсатта қолдануына болатыны туралы идеялар тізімін жасадық.
Аудиторияны редакция жұмысына араластыру
Оқырмандарыңызға сұхбат кейіпкерін немесе материалдың тақырып атауын таңдауға көмектесуді ұсыныңыз.
Материалконтекстіндегі сұрақ
Қандай да бір тақырыпқа қатысты сұрақ бар терезені посттың ішіне тікелей орнатуыңызға болады.
Сіздің редакцияңыздың ресми твиттер-аккаунты бар ма?
— Anna (@AnnaSukhachova) 17 ноября 2015
Іс-шараларды немесе тақырыптарды жоспарлау
Сауалнаманы келешек офлайн кездесу өткізу орнын немесе тақырыбын таңдауға арнауға болады.
Аудиторияны араластыру
ТВ-радио-шоу, экспертпен сұхбат кезінде аудиторияңызға сұрақ қойып, твиттер-сауалнамаға қатысуды ұсынуға болады. Дауыс беру нәтижелерін экранда немесе сайтта көрсетіп отыруға болады.
Әңгімелесу
Ең қарапайым шешім: жаңа функцияны жай ғана, қолданушылармен әңгімелесу үшін қолданыңыздар.
Алып-қосарларыңыз болса, рахмет айтамыз!