Google онлайн-ресурсыңыз түрлі экрандарға қалай бейімделетінін тексеруге көмектесетін Resizer құралын ұсынды.
Resizer Google-дің «Материалдық дизайн (material design)» дизайн-концепциясын қолдау аясында жарық көрді, материалдық дизайннің метафоралық ұстанымы — үш өлшемді кеңістіктегі жазық парақ.
Жаңа сервистің жұмыс істеу принципі өте қарапайым. Сіз сілтемені енгізесіз де, экранды таңдайсыз, ал оның өлшемі мен форматы интерактив болады.
Бұл — сайт қандай да бір құрылғыда қалай көрінетінін байқап көріп қана қоймай, ресурстың функционалдарын да тексеріп көруге жақсы мүмкіндік.
Сондай-ақ, Google дизайнерлерге, бағдарламашыларға және қарапайым қолданушыларға арналған интерактив құралдар топтамасын ұсынады.