ДомойМедиа үніДеректерді визуалдауға арналған алты құрал

Деректерді визуалдауға арналған алты құрал

Деректерді визуалдауға арналған алты құрал

Медиамамандарға визуал контент дайындауда көмектесе алатын құралдар мен қосымшалар туралы үнемі жазып жүреміз.  inspire.blufra.me ұсынған мына топтамада деректерді визуалдауға арналған ыңғайлы да тиімді сервистер шағын сипаттамасымен ұсынылады.  Түпнұсқа материалда толық тізімді қарай аласыз.

Tableau 

Tableau – бұл үлкен көлемді деректерді визуалдауға арналған корпоративтік құрал. Tableau графиктер, сызбанұсқалар, карталар және басқа да көптеген иллюстрация түрлерін салуға мүмкіндік береді. Визуал сараптама жасауға арналған нұсқасы да бар. Қосымшаны компьютеріңізге орната алмайсыз ба, әлде орнатқыңыз келмей ме? Сервер шешімі есептемелерді желіде немесе мобиль құрылғының өзінде визуалдауға мүмкіндік береді.

Бұлтта орналастырылған сервис сервер шешімін қолданғысы келетін, бірақ баптамаларын қолдан жасағысы келмейтіндерге де арналады.  Tableau қолданушылары арасында – Barclays, Pandora және Citrix бар.

Сервисті қолдану жөніндегі нұсқаулықты вебинардан көре аласыздар.  

Infogram 

Infogram визуалдауды және үлкен көлемді деректерден құралған инфографиканы реал уақыт режимінде байланыстыруға мүмкіндік береді. Қарапайым үш әрекеттің көмегімен көптеген шаблондардың бірін таңдап, оны сызбанұсқалар, карталар, суреттер, тіпті видео сынды қосымша визуалдау құралдарының көмегімен өзіңізге лайықтап алуға болады.  Infogram медиа мамандары мен журналистерге арналған командалық аккаунттар және оқыту жобалары үшін оқыту сыныптарына арналған аккаунттар жасауға мүмкіндік береді.

ChartBlocks 

ChartBlocks – бағдарламалауды қажет етпейтін, қолдануда оңай да ыңғайлы онлайн-құрал. Ол кестелер, деректер базасы және ағымдағы деректер негізінде реал уақытта визуал материал жасайды. Сіздің сызбанұсқаларыңыз  HTML5 ішінде, D3.js аталатын JavaScript кітапханасын қолдана отырып жасалады, сондықтан сіз әзірлеген визуал материал кез келген құрылғыда, кез келген экранда көрінеді. Сонымен қатар, өз сызбанұсқаларыңызды кез келген парақшаға орнатып, Twitter мен Facebook арқылы бөлісе аласыз.

Datawrapper 

Datawrapper тікелей журналистерге арналған және оны қазір  The Washington Post, The Guardian, Vox, BuzzFeed, The Wall Street Journal және Twitter қолданып отыр. Datawrapper өте қарапайым және ешқандай бағдарламалауды талап етпейді. Жай ғана деректеріңізді енгізіп, сызбанұсқа немесе карта жасап, жариялай саласыз. Визуал материалыңызды сайтыңызға орнатуға арналған баптаулар және жергілікті карталарға қол жеткізу мүмкіндігі бар.

визуализация данных, сервисы, инструменты, данные

Plotly 

Plotly бірнеше минут ішінде бар жағынан бабы келіскен сызбанұсқалар жасауға мүмкіндік береді. Бұл құралды  Google, сондай-ақ АҚШ-тағы ВВС , Goji және The New York University қолданып отыр. Plotly – өте қарапайым құрал, онымен бірден жұмыс істей беруге болады.

RAW 

RAW өзінің сайтында «кестелер мен векторлы графика арасындағы жоғалған буынбыз» деп мақтанады. Үлкен көлемді деректерді Microsoft Excel, Google Docs, Apple Numbers арқылы немесе жай ғана үтірлермен бөлінген тізімнен әкеліп қоюға болады.

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР