ДомойОқып-үйренFacebook-та жүргізілетін онлайн-трансляциялардың интерактив картасы

Facebook-та жүргізілетін онлайн-трансляциялардың интерактив картасы

Facebook-та жүргізілетін онлайн-трансляциялардың интерактив картасы

 Facebook-та жасалатын онлайн-трансляциялардың интерактив картасы  реал уақытта дәл қазіргі сәтте әлемнің қай нүктесінде кім қандай тікелей трансляция жүргізіп жатқанын көруге мүмкіндік береді.

Сіз көрермендерге қосылуыңызға, тіпті осы трансляцияны тағы кім қарап отырғанын көруіңізге болады.

Карта қандай да бір аймақта дәл қазіргі сәтте деректер іздеп отырған журналистер үшін өте ыңғайлы — трансляция жүргізіп отырған қолданушылармен осы арада тікелей байланысқа шығуға, ал видеоның өзін материал әзірлеу үшін пайдалануға болады.

Интерактивная карта онлайн-трансляций от Facebook

Facebook тікелей трансляциялар функциясын қосқанына көп болған жоқ.

Тікелей видеотрансляция — Facebook қолданушылары реал уақыт режимінде бөлісетін видео. Достарыңыз немесе сіз жазылған қоғам қайраткерлері жүргізіп отырған тікелей трансляция сіздің таспаңызда көрінеді.

Probusiness.by: алғашқы кезде функция тест режимінде тек танымал тұлғалар, қоғам қайраткерлері және верификацияланған аккаунты бар АҚШ тұрғындары үшін ғана қолжетімді болған. Кейіннен реал уақыт режимінде видео тарату мүмкіндігіне АҚШ-тың барлық тұрғындары ие болды.

6 сәуірден бастап сервис барлық Facebook қолданушылары үшін ашылды. Бұл туралы әлеуметтік желінің негізін қалаушы  Марк Цукерберг өзі хабарлады.

Қазақстанда Facebook арқылы тікелей трансляция жүргізу функциясы парақшалар үшін қолжетімді.  Новый репортер функция мүмкіндіктерін Медиа және әлеуметтік инновациялар лабораториясы — 2016  барысында тексеріп көрді.

Тікелей трансляцияны немесе тікелей трансляциядан жазылған видеоны қарап отырған кезде Жазылу батырмасын бассаңыз, Facebook-те осы аккаунттан кейін болатын трансляциялар туралы хабар алып отырасыз.

Трансляция бастау үшін «Жариялау» дегеннен кейін «Тікелей трансляция» батырмасын басыңыз.

Тікелей трансляция туралы ескертпелер

Тікелей трансляциялар туралы ескертпелерді қосу немесе өшіру үшін:

Оң жақ жоғарғы бұрышта Баптаулар дегенді таңдаңыз.
Сол жақтағы Хабарламалар дегенді басыңыз.
Facebook-те дегенді басыңыз.
Тікелей трансляциялар туралы ескертпелер баптауларын өзгерту үшін парақты Тікелей трансляциялар дегенге дейін төмен айналдырыңыз.

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР