ДомойМедиа үні"Data-журналистика" вебинарлар циклінің екінші вебинары

«Data-журналистика» вебинарлар циклінің екінші вебинары

«Data-журналистика» вебинарлар циклінің екінші вебинары

2016 жылғы 8 қарашада сағат 16:00-де «Data-журналистика» вебинарлар циклінің екінші вебинары өтеді.

Тренер — Назгүл Қожабекова, медиатренер, newreporter.org сайтының редакторы.

Вебинар барысында қатысушылар Data-журналистика ережелерімен және Визуалдау құралдарымен танысады.

Вебинарға тіркелген қатысушылар тізімі.

Вебинарға ниет білдірген адамның бәрі қатысып тыңдай алады, ал тіркелген қатысушылар үй тапсырмасын орындап, финалдық жоба әзірлеп, Internews сертификатын алады.

Вебинарға өту
Вебинарға қатысу үшін мына техникалық талаптарды орындаңыз:

1. Компьютеріңізге Google Chrome, FireFox, Safari немесе Opera браузерлерінің бірінің соңғы нұсқасын орнатыңыз. Браузерде Adobe Flash Player соңғы нұсқасы тұруы тиіс. Google Chrome браузерінде Flash Player өздігінен орнатылған.

2. Интернет байланысыңыздың жылдамдығы жеткілікті болуын қадағалаңыз. Вебинарға қосылу үшін қажет ең аз жылдамдық — 1Mb. Ыңғайлы жұмыс істеу үшін ұсынылатын жылдамдық — 2Mb бастап (жылдамдық төмен болса, вебинар жүргізуші видеороликтер, графикасы көп презентациялар, жұмыс столының бетін және басқа да вижуал материалдарды көрсеткенде дыбыс және видео кідірістері болуы мүмкін). Интернет жылдамдығын мына парақтан тексеруге болады: http://www.speedtest.net/.

3. Интернетке корпоратив желіден шығып отырған болсаңыз, желі администраторына жүгініп, 1935, 80, 443 портын ашқызып алыңыз.

4. Вебинарға өту үшін осы беттегі сілтемемен өтіп, «Войти в вебинар» батырмасын басып, деректеріңізді көрсетіп, қолданушы келісімі тұсында белгі қою керек.

5. Вебинарға планшеттен кіретін болсаңыз, Google Chrome немесе Puffin Browse браузерлерін қолданған жөн болады.

«Дата-журналистика негіздері» тақырыбындағы қазақ тіліндегі вебинарды Internews Network өкілдігі ақпаратқа қол жеткізуді қолдау жобасы аясында, АҚШ халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) көмегімен ұйымдастырды.

Предыдущая статья
Следующая статья
Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР