ДомойОқып-үйренЖаңалықтар сайтын жақсартудың 100 тәсілі - 1

Жаңалықтар сайтын жақсартудың 100 тәсілі — 1

Жаңалықтар сайтын жақсартудың 100 тәсілі — 1

Бұл материалды көбіңіз бұрын оқыған да шығарсыз. Алайда, бұл идеялар қалыпқа келіп, аударылғанына бірнеше жыл өтсе де, әлі күнге дейін өзекті болып келеді. Редакцияңыз жаңа медиа форматтарын, мүмкіндіктерін меңгеруді жаңа бастап жатқан болса, мына кеңестер сізге пайдалы болары анық.

Тіпті, онлайн кеңістіктегі жұмысыңыз енді басталып жатса да, бұл тізімнен аларыңыз көп.

Авторы Джонатан Дубе (Jonathan Dube), США, орыс тіліне аударған Оксана Силантьева

1.  Бас жаңалықтың төменгі жағына оқиға куәгерлері көргенін жазып, бөлісе алатын форма орналастырып қойыңыз — содан кейін солардың арасынан тексеріп алған ақпаратпен жаңалығыңызды толықтырыңыз.
2. Араласатын ортаңыздан сайтыңызға арнап веблог (күнделік) жазатын авторларды шақырыңыз.
3. Сайтыңыздағы күнделіктер арасынан (қазір, олар көбейген кезде) ең жақсыларын іріктеп алып, газетіңізде жариялаңыз.
4. Бәсекелестеріңіздің мақала атауларын сайтыңызда көрсетіп отырыңыз.
5. Өз аймағыңыздағы басқа газеттермен тегін контент алмасу туралы келісіңіз.
6. Жаңалықтар айналасында сымсыз девайстарға арналған ойындар ұйымдастырыңыз.
7. Баспа және ТВ жарнама агенттерінен тапсырыстарының кем дегенде 10% онлайн компонент қамтуын талап етіңіз — әйтпесе сыйақысын бермей қойыңыз.
8. Компанияңыздағы әр қызметкерге ай сайын бір арнайы демалыс беріңіз — жеке жобасы бойынша жұмыс істесін немесе жаңа идеялар тудыру үшін ми шабуылын жасасын.

9. Жылжымайтын мүлік деректері базасын және аудиторияңызға пайдалы болуы мүмкін сайт бөлімін жасаңыз  (realestate.nytimes.com)
10. Қызметкерлерді жетілдіру жоспарын жасаңыз, оған сәйкес әр қызметкер алдағы 12 ай ішінде онлайн журналистика саласында қосымша білім алады.

Мультимедиа журналисінің жинағы. Новый репортер.org редакциясы

11. Сайтыңызға тіркелу жүйесін ыңғайлы етіп ұйымдастырыңыз, деректер хабарландыру беретіндер үшін құнды болып қала беруі тиіс.
12. Сайтыңызға тіркелетіндерді өз ақпаратын үнемі жаңартып отыруға ынталандырыңыз.
13. Оқырмандарыңыз сайтыңызға тіркелген кезде олардан неге қызығатынын сұрап алып, сайтыңызға кірген кезде соған сәйкес жарнама көрсетіп отырыңыз.
14. Сайтқа жазылудың оқырмандар қосымша ақы төлеп, сайтты еш жарнамасыз қарау мүмкіндігіне ие болатындай нұсқасын ұсыныңыз.
15. Бір аптаға сайтыңыздағы фотосуреттердің бәрінің өлшемін екі есеге ұлғайтыңыз. Оқырманға ол қалай әсер ететінін байқап көріңіз. Бәлкім, кейбіреуінің болса да өлшемін сол күйі үлкен етіп қалдыра берерсіз?
16. Жай ғана сілтеме қалдырып «оқиғаны талқылаңыздар» деумен шектелмеңіз — пікірлердің бәрін мақаланың соңына немесе парақта оң жақ бағанға қосыңыз — пікірлерді ақпараттық материалдың бір бөлшегіне айналдырыңыз.
17. Біреуінде дейпарт бар, біреуінде – жоқ екі түрлі парақ жасап қойыңыз да, сайт қолданушыларының жартысын бір сайтқа, басқа жартысын екінші сайтқа кездейсоқ бағыттап отырыңыз. Нәтижелерін салыстырыңыз. (Дейпарт – жарнамалық эфир уақытының бір бөлігі.)
18. Өз парақшаңызға тек жергілікті жаңалықтар мен контент салыңыз.

19. Әр оқырманыңызға «оқырманның Интернет-парағын» жасауға рұқсат етіңіз. Онда өздеріне ұнаған оқиға баяндарын жинақтап, ол парақтарын баршаға қол жетімді және өзге қолданушылар сақтап қоя алатындай етуге мүмкіндік беріңіз.
20. Ертеңгі газетте не келесі бағдарламада не болатынын онлайн жарнамалаңыз — тек сол оқиға баянын онлайн жарияламаңыз.
21. Оқырмандарға алдында оқып кеткен материал жаңартылғанын не түзетілгенін хабарлап отыратын сервис жасаңыз.
22. Сайтыңызда айтылатын тақырып бойынша RSS-ағынын жасаңыз.
23. Негізгі ньюсмейкерлеріңіздің есімдерін олардың өмірбаян парақтарымен және олар туралы соңғы жаңалықтармен автоматты түрде байланыстырып отыратын алгоритм жасап қойыңыз.
24. Өзіңіз тарайтын ауданмен көршілес аумақтарға арналған тақырыптық парақтар жасап қойыңыз, онда пайдалы ақпарат, сәйкес тақырып атаулары мен сіздің сайтқа алып келетін сілтемелер болуы тиіс.
25. Сайтыңызда әр қазанамаға жеке парақ арнап қойыңыз — тек танымал тұлғалар үшін ғана емес, қайтыс болған адамның достары мен туыстары да естеліктерін жариялай алатын болуы тиіс.

Жалғасы бар.

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР