Қазақстандағы Internews Network өкілдігі Гранттар жөніндегі менеджер бос орнына конкурс жариялайды.
Негізгі функциялары:
- Грантты жобаларды Өкілдіктің, донорлық ұйымдардың ұстанған саясаты мен ережелеріне, жергілікті заңнамаларға сәйкес басқару, байқаулар туралы хабарландыруларды дайындау, финалистерді іріктеу, грант келісімдерін жасау және серіктестердің міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу;
 - Барлық рәсімдердің сақталуын қамтамасы ету және жоба жұмысын іштей бақылау;
 - Гранттар жөніндегі құжаттар және сұранымдардың еш кедергісіз жетуі үшін бас кеңсемен тығыз жұмыс істеу;
 - Жобаның орындалуына қатысты грант алушылармен байланыста болу;
 - Грант алушылардың есептерін тексеру;
 - Орындалған жұмыстар және оның нәтижесі туралы жүйелі есепті дайындау және ақпарат жинау;
 
Үміткерге қойылатын негізгі талаптар:
- 
Қазақстан Республикасының азаматтығы, Алматы қаласында тіркеуі болуы және тұрақты тұруы;
 - 
Жоғары салалық білімі болуы және дербес практикалық жұмыс істегені жөнінде 3-5 жыл еңбек өтілі;
 - 
Грантты жобалармен жұмыс тәжірибесі, грант-менеджмент талаптарын және процедураларын білуі;
 - Халықаралық ұйымдарды істеген жұмыс тәжірибесі. USAID не тағы басқа донорлардың жобаларын жүзеге асыратын ұйымдарда істесе, артықшылықтарға ие болады;
 - Ағылшын тілін білуі upper-intermediate деңгейінен төмен болмауы міндетті;
 - Берілген тапсырманы тез әрі жылдам орындауы
 
Коммуникабельді және жоғары деңгейдегі жауапкершілігі іріктеу кезінде негізгі критерийлерге жатады.
Түйіндемені 2019 жылдың 29 сәуіріне дейін kz-info@internews.org электронды поштасына жолдау қажет.
Тақырыбына міндетті түрде «Гранттар жөніндегі менеджер» деп көрсетіңіз.
Internews Network – БАҚ-ты қолдау жөніндегі халықаралық үкіметтік емес ұйым.
Негізгі қызмет түрлері:
- 
Бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына, ТВ бағдарламаларына, контент жасауына және жаңа медиа технологияларды қолдануына септесу;
 - 
Шығармашылық және техникалық қызметкерлерді кәсіби оқыту;
 - Заңнама тұрғысынан қолдау;
 
