3-9 маусым аптасының басты жаңалығы – жексенбі күні өткен Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауы. Сенбіде сайлау туралы айтылмады, өйткені сайлау өтерден бір күн бұрын «тыныштық күні» жарияланады. Сондықтан шығар, көптеген сенбілік бағдарлама эфирге шықпады. «Сайлау туралы айтпасақ, онда ештеңе айтудың қажеті жоқ» деп шешсе керек. Есесіне, бұл телеарналар апталық қорытынды бағдарламаларын жексенбілік жаңалықтармен алмастырды.
Шолуымыз да әдеттегіден қысқа болды. «Бірінші арна Еуразия» және «Хабар» телеарналарының бағдарламалары ғана енді.
«Аналитика», «Бірінші арна Еуразия»
«Аналитика» бағдарламасы 9 маусым – жексенбі күні сағат 20:00-де басталды. Бұл кезде Қазақстанның басым бөлігінде (ең батыс шеттегілерін қоспағанда) сайлау учаскелері жабылды. Кейбір шетелдік сайлау учаскелері жұмыс істеді. Әйткенме,н сайлау қорытындысы туралы айтуға әлі ерте еді. Десе де бағдарлама сайлаудың қалай өткені туралы егжей-тегжейлі сюжетпен басталды.
Тілшілер бірнеше облыстағы сайлау жайын көрсетті. Мәселен, Павлодар облысының бір ауылында журналист сайлаушыдан: «Жексенбіде ертелетіп жүрсіз, ұйқыңыз келмей ме» деп сұрады. Адамдар сайлаудың араласуға мүмкіндік екенін айтады. Тіпті сайлауды мерекеге айналдырғандары да болды (кеңес заманынан қалыптасса керек). Халықаралық бақылаушылар сайлаушылардың шат-шадыман күйде, тіпті ұлттық киімде келіп жатқанын растайды. Әйелдер кандидаттарға махаббатын білдіріп те жатыр. Тіпті әскерилер де дауыс берді. Олардың көбі 18 жасқа толып, алғаш рет сайлауға қатысуда.
Өскеменде күйеуі мен қалыңдығы АХАЖ-ға барар алдын сайлау учаскесіне кіруді ұйғарыпты. Айтуларынша, өмірлерінің жаңа баспалдағы елдің жаңа кезеңімен қатар басталады.
Осындай қуаныш пен шаттық күйін бейнелеген сюжет Елбасы қалай дауыс бергені туралы қысқа есеппен аяқталады: ол сайлау бюллетенін сайлау жәшігіне тастап, барлық демократиялық елдерде билік міндетті түрде ауысы қажет екенін мәлімдейді. Сонымен шымылдық.
Сайлаудан кейін тағы бір маңызды тақырыпқа ойысты. Қазақстанда теңге құлдырайтыны жөнінде өсек-аяң желдей есіп жүр. Ұлттық банк мұны терістесе, полицейлер со ақпарды таратушыларды іздеп жүр.
Келесі сюжеттің кіріспесі: Иранда пара алған адамның саусақтарын кесетін құрал жасап шығарумен басталды. Ал бізде Ұлттық тест орталығының бұрынғы жетекшісі жемқорлыққа қатысты істі болып жатыр. Бұған қоса білім және ғылым вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бұл сюжетте парақорлар туралы бірнеше хикая бар. Мәселен:
- Түрме бастығы гашиш қосылған шай алып кіруге рұқсат еткен;
- Армреслинг бапкері 8 млн теңгелік іске шатылды;
- Отбасылық жұп, әйелі – шенеунік, сүрілетін үйді иемденіп, өтемақы алып отырған, оларды түрмеге жапты;
- және тағы басқа
Пара алу/беру тақырыбындағы тізбек «12 стульев» және «Кавказская пленница» фильмдерінің кадрларымен креативті алмасып отырды.
Аптаның өзекті тақырыбының бірі — Нұр-Сұлтан қаласында көпбалалы аналар пикетке шықты. Ал ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Олардың ешбірі жұмыс сұрамады, бәрі де баспана мен несиелерін жоюды талап етті» деп пікір білдірді.
Бағдарламаның және бір негізгі сюжеті – «Суға батқандарды құтқару» тақырыбымен шықты. Жазда өте өзекті мәселеге айналатын жағдай – Қазақстанда балалар суға кетіп жатыр. Құтқарушылар судағы баланың денесін алып шығудың аса ауыр екенін айтады. Аз уақыт бұрын асыр салып ойнап жүрген балалар туралы көп оқиғалар, хикаялар әңгімелейді. Олардың қалай көз жұмғанын да егжей-тегжейлі айтады. Нәтижесінде, бұл сюжет аса эмоциялы, әсерлі әрі үрейлі болып шықты.
Төтенше жағдай тақырыбын «Аналитика» бағдарламасының тұрақты айдары – «Мелочей не бывает» жалғастырды:
- балалар электр тогынан көз жұмуда– көшеде ашық электр желілері кездеседі;
- балалар батутта қаза болуда;
- Рудныйдағы аса қауіпті шолу дөңгелегі;
- Шымкентте цистерна жарылды;
- Алматы және Түркістан облысынтарында сел жүрді;
- Нұр-Сұлтандағы көшелердің бірінде жылдамдық шегін өзгерткенімен белгі ілмеген;
- Қарағандыда бұзақылар зообақтағы арыстандарға тиіскен.
«Аналитиканың» ақырғы сюжеті әдеттегідей жақсы жасалған. Мұнда GGG-дің жаңа жеңісі туралы айта келіп (ол жексенбінің таңында қарсыласын нокдаунға жіберді, бұл жекпе-жекті орталық сайлау учаскелерінде тікелей эфирде көрсетті).
Ақыр соңында аса түсініксіз, бірақ эмоцияға толы материал: әнұран айтып, Абай шығармаларын камераға қарап оқитын патриоттық акциялар жайында болды.
«7 күн», «Хабар»
Орысша «7 күн» бағдарламасының атауына бүгінгі Қазақстанда өзекті тақырыптар: көше, әуежай және астана атауларын өзгертуді қосуға болады. 19 мамырға дейін бұл бағдарлама «3/4-ін президентке арнасақ, қалғанына үлгереміз» форматында еді. Соңғы айларда «Нұрсұлтан Назарбаевтың жеті күні және Тоқаев туралы аз-маз әңгімелейік» форматына өтті. Тіпті сайлау күні де жағдай өзгермеді. Бағдарламаны тұтастай билік транзитіне және тұңғыш президенттің оқиғалар тізбегіне арнады. Жүргізуші Александр Трухачевтің айтуынша:
- Қазақстан – оның жасағаны;
- Тұңғыш президент әкімшілігіне маңызды құзіреттер берілген;
- Назарбаевтың өкілеттігінен бас тартуы – оның әлемдік саяси аренадағы тұлғасына деген қызығушылықты әсте түсірмеді;
- Жаһандық саясат Қазақстан тұңғыш президентінің тәжірибесіне аса мұқтаж
«7 күн» бағдарламасының бұл эфирінде басқа ештеңе айтылмады.
«Басты бағдарлама», «Бірінші арна Еуразия»
«Бірінші арна Еуразияның» қазақ тіліндегі апталық қорытынды бағдарламасы 8 маусым – сенбі күні шықты. «Тыныштық күні» болғандықтан сайлау туралы ештеңе айтпады, көрсетпеді. Бағдарлама аптаның ең даулы жемқорлық оқиғасы – ҚР білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның тұтқындалуынан басталды. Ол апта бұрын Ұлттық тестілеу орталығының бұрынғы басшыларының ұсталуына қатысты пікір білдірген еді. Журналистер «енді осыдан кейін министр Күләш Шәмшидинова отставкаға кете ме» деген қисынды сұрақ қойды. Министрдің өзі «мұны уақыт көрсетеді» деп жауап берді.
Тағы бір тақырып: жемқорлықпен күрес агенттігінің жетекшісі Алик Шпекбаев «Казахстанская правда» газетіне сұхбатында: шенеуніктердің кірісін бақылайтын заң қабылдау керегін айтыпты. Ал жемқорлардан алынған ақшаны аз қамтылған отбасыларға беру қажет.
Келесі тақырып та аса өзекті: Сенат отырысында қазақстандық ұлттық холдингтердің шығыны шаш-етектен жобаларын қарады. Жоғары палата депутаты Ерболат Мұсаев квазимемлекеттік сектордағы тиімсіз компанияларды жабуды ұсынды.
Тақырыпты қаржы пирамидалары туралы сюжетпен жалғастырды. Адамдар қаржылай сауатты бола бастаса да алаяқтардың арбауына түсетіндер саны жылдан жылға көбеюде. Авторлар алданғандардың бетін жабуды ұмытпапты. Сарапшылар алаяқтың құрығына түсуден сақтануға қатысты кеңес берді. Креативті стендап та ұмыт қалмады: тілші тақтаға қаржы пирамидасының суретін сызып, сосын өшіріп тастады.
Келесі тақырыпта бағдарлама авторлары Ақтөбеде шал кісінің қызға конфет беріп алдап, зорламақ болғанын айтты. Сюжет авторы химиялық кастрацияда қолданылатын дәрі күшін әлсіретуге бола ма, педофилдерді қалай жазалау қажет, сұрақтарына жауап іздеді. Материалда сахналық қойылым түріндегі кадрлар қолданылады, әлдебір жазушы педофилдерді өлім жазасына кесу керегін айтады.
Бағдарлама соңында авторлар жемқорлық тақырыбына қайта оралады. Студияда экономист Мақсат Халық сұқбат береді. Ол ел экономикасына жемқорлықтың қандай зиян келтіретін айтып, шетелде жемқорлықпен қалай күресетініне тоқталад.
«7 күн», «Хабар»
«Хабар» телеарнасының қазақша «7 күні» де сенбіде шықты. Міне, сондықтан да мұнда сайлау туралы айтылмады. Бағдарлама Нұрсұлтан Назарбаевтан басталды. Әрмен қарай тек сол туралы көрсетті. Атап айтқанда:
- Елбасының Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы орынбасарымен кездесуі;
- Елбасының тәуелсіз шетелдік бақылаушылармен кездесуі;
- Елбасының құрметті сенатор атануы;
- Елбасының Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанмен телефонда сөйлесуі;
- Елбасының өз өкілеттігін тапсыруын әлемдік қауымдастықтың жоғары бағалағаны;
- Елбасының халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету тапсырмасы;
Әрмен қарай Тоқаев тақырыбына ойысты: Тоқаевтың Жамбыл және Маңғыстау облыстарына сапарына әрқайсысы 10 минуттық екі сюжет берді. Сосын президенттің Ораза айт намазында Нұр-Сұлтан мешітіне барғаны жөнінде екі минут көрсетті.
«Хабар» эфирінде «тыныштық күні» қос президенттен басқа тақырыптарға да аз-маз орын табылыпты:
- ІІМ және ҚАЖК жұмысын жаңғырту
- Қазақстанда киберспорттың дамуы
Алдағы аптаның қорытынды бағдарламасында сайлау тақырыбына кеңінен тоқталса керек. Сонда көріп, міндетті түрде сіздерге жеткіземіз.